Book: Шынгысхан - аныз бен акикат
Автор книги: Акылбеков Шамсабек Мамлеевич!
«Ұлттық тегін таба алмаған ұлттар өзге ұлттардың олжасы.» Кемал Ататүрік.
Шыңғыс хан. Аңыз бен Ақиқат . «Моңғолдың құпия шежіресінің» қазақ тіліндегі 1998 жылы шыққан қазақ тіліндегі екінші басылымын саралап
оқып, шұқшия зерттеген адам расында да шешуі қиын, құпиясын ішіне бүккен небір сөздерді, кеңестік тарих ғылымымен тәрбиеленген қазіргі қазак тарихшы- ғалымдары шешіп түсіндіре алмайтын оқиғаларды табатыны сөзсіз. Неліктен шежіре құпия деп аталады? Әлемге әйгілі қолбасшы, қаған Шыңғыстың ата-тегімен іс-әрекетін құпиялау кімдерге, не үшін керек болды? Осы жерден Зомагер, империалистік елдердің саясаты мен мұңдалап көрініп тұрады. Ұлы қағанды орыс ғалымдары 19-ғасырда МОҢҒОЛ деп тарих ғылымына кіргізіп жіберді де, неге ол аксиомаға айналып кетті? Себебі ВКП(б) саясаты бойынша кеңес елінің халқы бірдей ойлап, бірдей сөйлеу керек болды. Сталин кезінде буржуазия идеологиясы деген желеумен тарихи кітаптар мен еңбектер, монастырь қолжазбалары, ескіден жеткен жәдігерлер отқа өртелді. Шындықты жазған, айтқан адамдардың күні белгілі. Оған қазақ халқының тарихын зерттеп, жазғаны үшін 1931 жылы атылған, қазақтан шыққан тарихшы, инженер, турксиб темір жолын салған Мүхаметжан Тынышбаевты мысалға алсақ та болады. Аталары Алтын Ордадан шыққан орыс ғалымы Лев Николаевич Гумилевтің көп өмірі түрмеде өтті. Ол кісі артына қазақ тарихы үшін баға жеткісіз еңбектер қалдырып кетті. Мұны орыстың ақ болсын, қызыл болсын империалистик, отаршылдық саясаттан танбаған үкіметтерінің іс-нәтижесі деп білуіміз керек.
Моңғол тарихшылары келтіретін Шыңғыс хан шыққан қият-боржыған руы қазіргі қалмақ-монғол халқының ішінде жоқ және болған емес. Қияттар қазақ, ноғай, қарақалпақ халқының ішінде, ал орта ғасырларда бұл үшеуі бір халық болған. Қият-оғыз тайпасы 9 -ғасырда шығыстан келіп қазіргі қарақалпақ, ол кезде Хорезм жеріне орныққан. Қият қаласын тұрғызған. 11-12-ғасырларда қият тайпасы қазіргі Монғолия үстіртіне баруы мүмкін емес. Сондықтан Шыңғыс руы туралы «құпия шежіредегі» дерек бұрмаланған, негізсіз деп тану керек. Қазақ тіліндегі түпнұсқадан қытай (ханзу) тіліне аударғанда не қате кеткен немесе әдейі бұрмаланған. Үкітай ханның кезінде жазылған шежіре ҚҰПИЯ- деп аталуы мүмкін емес. Үкітайға ата-бабасын, руын жасырудың ешбір қисыны жоқ. Мұны сол кездегі Мің әулетінің шовинистік -империалистік саясатының көрінісі деп қарауымыз керек. Ескі кітаптарды аудару кезінде де грамматикалық қателер кетеді, себебі бір ұлттың тіліндегі дыбыстар екінші ұлттың тілінде болмайды. Мысалға Марко Поло кітабының орысша аудармасында қоңырат тайпасы ГОРИАТЫ- деп жазылған. Осы кітапқа берген түсініктемесінде академик В.Бартольд тайпа атын ОЙРАТ- деп түсіндірген. Тарихи қателер осылай басталады. Шыңғыстың әкесі Есүгейдің бәйбішесі Өлең қоңырат қызы болған. Қоңыраттың биі Дай шешенің Есүгейге қаратып- «құда» - деп сөйлеуі де тегін емес, Есугей тұқымы мен қоңырат арасында ескіден жалғасып келе жатқан құдандалық барын дәлелдейді. Шыңғыс өзі де қоңыратқа күйеу болып бәйбішесі Бөртені алады. Содан қалыптасқан дәстүр бойынша ұлы хандардың көбісінің бәйбішесі қоңырат руынан болуы шарт. Ал қазақ тәртібінде таққа тек бәйбіше балалары мұрагерлік етеді. Бұл жағдай Марко Полоның кітабында екжей- текжейлі жазылған.
Орыс,-моңғол тарихшыларына Шыңғыс ханды моңғол жасау үшін бірінші шарт-қазақтың қият тайпасын қалмақ-моңғол жасау керек. Алайда тарихтың алдында беті қызармайтын В.Бартольд, Евгений Кычанов, Исай Калашников секілді ғалымдар қиятты ғана емес Найман, Керей, Жалайыр Қоңырат, Барлас, Қоралас, Барын Қатаған т.б. қазақ рулары мен тайпаларында моңғол жасап шығарды. Тек Лидия Степанова ғана қонырат руы таза ҚАЗАҚ руы екендігін жария қылды. Кеңес заманында бұл да ерлік еді. Екінші шарт- қалмақ- моңғол ішінде Шыңғыс хан тұқымы сақталғанын дәлелдеу керек еді олардың қолынан бұл келмеді. Жоқты қайдан табасың? Әр сөзін шегелеп- фактілеп дәлелдеу орнына қиын жерлерден Хара Даван (моңғол тарихшысы) секілді сипап өте шығады. Шыңғыс хан тұқымдары қалмақ ішінде болуы мүмкін емес, ал қазақ ішінде Төре деген атпен жеке ру. Төрелер жүзге кірмейді барлық қазаққа ортақ ру. Өз кезінде қазақ халқы тәуелсіздігін жоғалтқанға дейін қазақ ішінде сый-құрметке ие болған. Коммунистердің қызыл қырғынына да көп іліккендер сол төре тұқымдары. Қазақ халқының ұйытқысы Шыңғыс тұқымдары екенін кеңес үкіметі бек жақсы білді, сондықтан түбірімен отап тастауға тырысты.
Енді Ноғай мен Өзбек халқы туралычч. Ноғайлар - Шыңғыс – Жошы тұқымы Ноғай батырдың қол астында болған қазақ ру- тайпалары, кезінде Қара теңіздің терістігін, Азау даласын қазіргі Украйна жерін мекендеген. Ресей күшейген кезде оларды ішкі ресей жеріне күштеп көшірген. Бір бөлігі Туркияға көшіп түрік халқына сіңді. Қазіргі Ресей ноғайлары көптеген қазақ руларынан тұрады, оның ішінде қияттар да бар.
Өзбектер - Өзбек ханның тұқымы Әбілхайыр ханның қол астындағы қазақ рулары. Әбілхайыр 1428- 1468 жылдары өзбек хандығын қурған. 15- ғасырдың аяғында өзбектер Әмір Темір тұқымдарын Орта Азиядан ығыстырып шығарып Хиуа, Қоқан хандықтары мен Бухара Әмірлігін құрады Жәнібек хан құрған қазақ хандығы осы Өзбек ұлысынан бөлініп жеке отау тікті. 1889 жылы өткен Ресей империясындағы халық санағы кезінде Орта Азиядағы үш хандықта 600 мың таза өзбек, 3 млн сарт болған. Кеңес үкіметі Орта Азияны алған соң үш хандықты жойып орнына Өзбекстан республикасын құрды. Большевиктермен болған оншақты жылға созылған соғыс кезінде өзбектер көп қырылды, бір бөлігі Ауғанстан мен Қытайдың Сарыкөліне қоныс аударды, қалғаны қалың сартқа сіңіп, Республикаға өз атын берді. Таза өзбектер жеке сөздері болмаса қазақ тілінде сөйлеген. Сонымен бірге Памир қырғыздары да ескі өзбек (қазақ) тілінде сөйлеген. Мысалға – батыр, ал қырғызша – баатыр. Едіге батыр туралы ертегілер сақталған. Жазушы Георгий Тушкан «Жора» романында осы жағдайларды тәптіштеп жазған. әзірше осы жетер, қалған дәлелдерді кейінірек келтіреміз.
Қазақ халқының 15- ғасырдан арғы тарихын қарастырсақ сұрақ көп те жауап жоқ. Неліктен Шыңғыс хан қағанатының тікелей мұрагері қазақтардың екеуінің бірі – Ол (Шығыс) моңғол – деп тура сөзге жеңістік бермейтін жағдайға жеттік? Неліктен Зардыхан Қинаят секілді қазақ ғалым – тарихшылары қазақ халқының тарихын 15 – ғасырдан ары қарай іздегісі келмейді. 10 – ғасырда орыс княздіктерінің халқын русичи, галичи, новгородцы, рязанцр, деп бөлген. 12 – ғасырдағы найман хандығы, керей хандығы, моғолдар, үйсіндер, қаңлылар, қыпшақтар деген де осы секілді емес пе? Орыс тарихшылар жоғарыдағы халықтың бәрін орыс деп атайды, ал біз неге қазақ деп өз атымен атамаймыз?
Туркия ғалымы Осман бей Иорулмыз өз еңбегінде қазақ халқының тарихына 4500 жыл болғанын дәлелдеді. Ал Кытай ғалымдары өз тілдерінде қазақтың 3000 жылдық тарихын жазып кітап шығарып тастағанда, бұл ғалымдар кімнің сойылын соғып жүр? Орыстың отаршылдық идеологиясының салдары ма, әлде өткен тарихымызды іздегіміз келмейтін жетесіздік пе? Әрине 800 жыл бұрын өткен оқиғаларды көне тарихтың жұмысы да шаң мен қоқыстан алтындай шындықты аршып алу емес пе? Қазақ халқын құлдану үшін орыс отаршылары ең бірінші халықтың жадын өшіруге тырысты, араб әрпімен жазылған кітаптарды өртеді, жойды. Қазақтың зиялы қауымын, шынайы тарихты жазғысы келгендерді атты, турмеге тықты, бұл шындык. Енді еліміз тәуелсіздік алды, бірақ өкінішке орай баяғы жартас, бір жартас. 20 – жылдың ішінде қазақ тарихы, оның ішінде Шыңғыс тарихы өз дәрежесінде зерттелген жоқ. Әлі күнге дейін орыстың ана тарихшысы олай деді, мынаусы былай деумен келе жатырмыз. Институт пен мектептерде Шыңғыс хан моңғол, қазақты отарлады, қырып – жойды деп оқытатыны өткірік емес. Сол кезде дүниедегі ең күшті Рим империясын құлатқан ғұн қағандығы мен өз кезіндегі әлемді билеген Византия, Иран, Қытай империяларын дірілдеткен Түркі қағанатының мұрагері қазақ тайпалары сол кездегі 12 – ғасырдағы есеп бойынша 50-70 мың халқы бар Ойрат - Қалмақ – Моңғолға отар болыпты деп жазу да ешқандай қисанға келмейді. Сол кезде ойрат тайпасы 10 мың әскер шығара алған, халық санын осыдан шығаруға болады. «Құпия шежіреде» бір түмен деп анық жазылған. Орыс тарихшылары осы кілтипанды жерге әдейі соқпай айналып өте шыккан.
«Қазақ тарихының» 5- томдығын шығарып жатқан, Монғолиядан келген тарихшы-ғалым Зардыхан Қинаятұлының «Ақ желкен» балалар журналының 2010 жылғы 1- номерінде жазған мақаласында пікірін қараңыз:
- Орыс хан Жошының қазақ болып кеткен сегізінші ұрпағы.
- Әмір Темір моңғолдың барлас тайпасынан шыққан.
- Әмір Темір атам емес (қазақ емес) деп сотқа барғанмын.
- Монғолия мемлекетінің 22 ғасыр дәстүрі бар?
Мұндай пікірлерді «ғалым» емес сауатсыз адам айтса дұрыс болар еді. Енді осы айтылғандарды жекелеп талдап көрелік.
- Орыс хан туралы, 8 – ұрпақ ауысу үшін 200 жылғана уақыт керек, осы уақыттың ішінде Жошы моңғолдан қазақ Орыс хан шыға ма? Мысалға осыдан 200 жылдай бұоын қытай жазалаушы әскерінен қашып қазақ ішіне келген 50 мың ғана ұйғыр мен одан да аз дүңген қазақ болып кетті ме? Жоқ керісінше 300 мың адамдық ұйғыр диаспорасын құрап отыр. Басқа улттарды орыстандыру – ол орыстың имперлік саясаты. Ал қазақ халқында ондай саясат болған емес. Жошы тұқымы билеуші тап болды ғой, оларды куштеп қазақтандыратындай мүмкіндік болған да жоқ. Бұл тисе терекке, тимесе бұтаққа деген пікір.
Енді басқа қырынан келейік. Араб ғалымы, Өзбек ханның кезінде Жошы ұлысын аралаған Ибн Батута жазғандай ХIII- ғасырдың 50 жылы ішінде Могалдар мен қыпшаптар араласып, құда- жекжат болып бір халық (ордалықтар) шыға келеді. Себебі Моғалдар- Ұлы жуз рулары, ал қыпшактар кіші жуз рулары, атасы бір, тілі бір, салт-дәстүрі бір халық. Әлде мұны да Зардыхан қинаятұлы білмейді ме?
- Әмір Темір күреген – моңғол емес мгғолдың барлас тайпасыннан шыққан. Бабасы Шыңғыс ханның қолбасшыларының бірі болған. Күреген – деген атақ Шыңғыс тұқымына күйеу бала болғанда беріледі. Орыс тарихшылары Гурагон деп өте шығады, мағынасын ашпайды. Әмір Темір өмір бойы көшпелі өзбектермен соғысып өткен. Оны өзі жазған «Тезуки тимури » парсы тіліндегі еңбегінде айтып кеткен. Хан тұқымы (Шыңғыс) болмағандықтан әмір атағымен жүрген. Әмір Темір тұқымдары да өзбектермен соғыса жүріп Индияға кетуге мәжбір болды. Бабыр барлас, дулат, албан, суан руларының басын қосып Индия мен Кашмирде Ұлы моғолдар империясын құрып ол 300 жыл өмір сүрді. Орыс - өзбек ғалымдары енді Әмір Темірді Өзбек деп шығарып алды. Әмір темірді қазаққа қимағандар Ұлы жүз – Моғол – Барлас деп атай берсін.
- - Монғолия мемлекеті туралы 22ғасыр деген сөз жас балалардың ертегісі деп білемін. Қытай тарихшылары мен орыс орхеологтарының зерттеулері мен «Құпия шежіре» бойынша 12 – ғасырда Ойрат- қалмақтар аңшы тайпасы болған, хандыққа жетпеген Бек дәрежесіндегі ел ағалары баскарған Қалмақ- моңғолдың жеке мемлекетін 1635 жылы Батыр қонтайшы құрды. Мұны ешбір ғалым теріске шығара алмайды. Осы кезге дейін қазақ пен қытайдың қол астында болса, қайдағы 22 ғасыр? Өтірікті де есебін тауып айту керек қой.
- Қазақ тарихын санасы кеңестік идеологиямен уланбаған, тәуелсіз ғалымдар жазбай шынайы тарих орнына келмейді. Біздің тарихымыздың қолдан өшірілген, әдейі тұмандатылған, бұрмаланған кезеңінің бірі 12 -13 – ғасырлардағы қазақ руылары мен Шыңғыс хан тарихы. Сол кезеңдерде қайсы қазақ руы қай жерді қоныстанды, оны іздеген қазақ ғалым – тарихшылары көрінбейді. Қазақ ру- тайпалары әр кезде бір емес бірнеше мемлекеттің құрамында болғанын коп адамдар түсінгісі келмейді.
- Ендеше сол заманда жазылған шежіренің құпиясын өзіміз іздеп көрелік:
- Ең бірінші есте болатын нәрсе «Моңғолдың құпия шежіресі» - тұпнұска емес аударма екендігі даусыз факт. Монғол аудармашысы Ц. Дамдінсүрін осы кітапты жазуда пайдаланған еңбектердің тізімін келтірген:
- 1. Қытай (ханзу) тілінен орыс тіліне Палладий Кафаровтың аударған нұсқасы «Сокровенное сказание» 1866 жыл.
- 2. Қытай тілінен Козин аударған «Сокровенное сказание» 1941 жыл.
- 3. Лувсынданзын аударған «Алтын шежіре». Л.Гумилевтің пікірінше бұл «Құпия шежіренің» дәлдігі шамалы көшірмесі.
- 4. Парсы тілінен орыс тіліне Березин аударған Рашид –ад – Диннің «Шығармалар жинағы». Қазан елханның кезінде Болат деген бектің жетекшілігімен бір топ парсының оқыған адамдары жазған. 1300 – жылдары қараңыз : Л. Гумилев «Қиял патшалығын іздеу ».
- 5. «Құпия шежіренің» 1935- 1939 жылдары Хэништің қытай тілінен неміс тіліне аударған нұсқасы. Аудармашы мұның да орыс тіліндегі аудармасын пайдаланғаны даусыз.
- 6. «Құпия шежіренің» қытай тілінен монғол тіліне Цендісурін аударған толык емес нұскасы.
- Осы тізімнен көрініп тұрғаны «Құпия шежіре» моңғол тіліне орыс тілінен аударылған, олар өз кезегінде қытай (ханзу) тілінен аударылған.
- Енді түпнұсқа туралы: 1240 жылы Үкітай қағанның кезінде жазылған. Шыңғыс ханның кезінде мемлекетте орхан (көне түрік) жазуы қолданылды. Түпнұсқа орхан жазуымен жазылуы мүмкін. Монголиядағы тарих ғалымының докторы Ислам Қабышұлының пікірінше авторы – сол кезде батыс елдерін басқарған уәзір (министр) Шымқай (Шынтай болуы да мүмкін). Қытайды билеген Юань әулеті құлаған соң, Мің (таза қытай) әулеті кезінде 1382 жылы шежіре қытай тіліне аударылады. Аудармашы Жаң Юань – Зи Түпнұсқа табылмады, Мің әулеті кезінде жоғалған немесе жойылған. Аударылған кезде әдейі тұмандатып қосылған өзгерістер үшін шежірені – «Құпия шежіре» - деп атады ма деген жорамалым да бар. Орхан жазуымен жазылған қазақ тіліндегі шежірені – қытайшаға –аодан орысшаға – одан моңғолшаға – қайтадан қазақ тіліне аударылған соң шежіре өзгеріссіз, бастапқы мағынасында жетті деп қалайша айта аламыз. Түпнұсқаның көп бөлігі өлеңмен жазылған, бірақ сансыз аудармалардан соң қарасөз көбейіп өлең сөз азайып кеткен деген Ц. Дамдінсүріннің ескертуі де орынсыз емес.
- Енді шығыстың аталарының таратылу аңызын қарастырайық: «Құпия шежіре » бойынша – Бөрте бөрінің (адам аты) 10 – шы ұрпағы Торғылжың байдың Дуба соқыр , Добын мерген деген екі ұлы бір көштен өте сұлу қызды көріп ,оны Добын мерген алады.Осы қыздан Нұрдан жаралған Шыңғыстың аталары тарайды.
- - В. Радловтың 19 – ғасырда халық арасынан жазып алған «Қазақтың түбі» - деген аңызда Домдағұл соқыр,Тоқтағұл мерген деп келтіріледі, ал сұлу қыз Алтынбел ханның қызы, Нұрдан жүкті болған екен содан Шыңғыс туады.
- Екі аңызды үлкен ұксастық бар. «Құпия шежіреде ары карай осы екі ұлдан тараған рулар келтіріледі»:
- 1. Дөрвін(Дүрмен)
2. Жадыран. 3. Барын
4. Белгүніт, Бүгінут, Қатық, Салжуыт.
8. Барлас 9. Бұдығұт 10. Адыран
11. Ұрғыт, Маңғыт .
12. Тайшуыт , Бесүдей.
13. Қоңқатан, Оранар , Арулат т.б.
14. Жүркі
Осы руларды саралағанда қазіргі заманға жеткендері:
1 . Дүрмен – қазақ , өзбек , ноғай ішінде
2. Барын – бір бөлігі ноғай ішінде
3. Барлас – қазақ , өзбек, ішінде
4. Салжуыт – Сежиют деген атпен ноғай ішінде
5. Ұрғыт, Маңғыт – қазақ, ноғай, қарақалпақ ішінде.
Осылардың бәрі де қазақ, Ұлы жүз Моғал рулары.Бұларды кейін дәлелдейміз.Ерекше бөліп алатын тағы үш ру бар;
1. Жадыран ( Жайшат, Жатжират)
2. Тайшуыт ( Тайшат, Тайжігіт)
3. Жүркі ( Жүркін )
Жақшаның ішінде берілгендері басқа тарихи еңбектерде кездесетін атаулары. Қалған рулар не қазақ халқының
ішінде немесе қалмақ (монғол) халқының ішінде жоқ, жойылған немесе басқа руларға сіңіп кеткен.
1776 жылы жазылған Қазыбек бек атамыздың кітабінде Темірді (Шыңғыс) Жалайыр тайпасы,Орақты руының
Андас атасынан таратады. 12-ғасырда Жалайыр үшке бөлінген.
1.Тарақты руы-биі Тарғытай Қырылдақ
2. Орақты руы – биі Есугей батыр
3.Жазықты руы – биі Жамұқа шешен.
« Құпия шежіредегі»-Жадыран руы-қытай тіліне аударылғанда өзгертіліп кеткен Жазықты руы.
«Шыңғыс хан менің туысым»- бұл «құпия шежіредегі»
Жамұқаның өз сөзі.Орақты руы шежіреде көрсетілмеген, мүмкін қытай тіліне аударылған кезде жансақтық кеткен
немесе әдейі көрсетілмеген. Шежіре бекерге құпия деп аталмаған ғой.
Тағы бір себебі шежіре бірнеше рет басқа тілдерге аударылған соң,адам,жер- су,ру- тайпа аттарының көбісі адам
Танымастай өзгерген. Барымен базар деген,қолда барға қанағат етуге тура келеді.
Қазыбек бектің таратуы бойынша Шыңғыс хан Жалайырдың 25-ұрпағы.Құпия шежіреде Тумбинай деп келтіретін
бір атасын Қазыбек бек Тұрымтай шешен деп көрсеткен. Ханзу тілінде Р-дыбысы болмаған соң Тумбинай болады да.
Мысалға Аспара қаласын қытайша жазғанда Осуболай болады.Ұқсатып көріңіз.Дін деген атасынан Баян,Жүрек.Қапал
ауданындағы Баян жүрек тауының аты осы кісілерден қалған, бір кездерде бұл тау ағайынды екі жігіттің қонысы болған.
Баяннан- Есугей- Темір(Шыңғыстың нағыз аты) .
«Құпия шежіредегі» Жүркі деген ру осы Жүректің тұқымдары, Темірдің аталас туыстары. Саша бек
(Салшыбек),тайшы. Бөрі балуан билік үшін Темірмен бітіспес күрес жүргізген. Жалайыр тайпасының үш руын билеген Тарғытай, Жамұқа шешен және Есүгейдің мұрагері Темірдің арасында жалайырдың ханы болу үшін Жалайырдың бір бөлігін және бірнеше моғол тайпасының басын қосу керек еді. Темір оның әдісін табады. Бүтін руды емес оның бір бөлігін өз жағына шығарып алады. Руынан бөлініп өз еркімен келгендер енді Темірге шын берілген нөкеріне айналады. Бөлініп келгендер туралы «Құпия шежіреде» өте анық жазылған. «Темір» - есімін Р- дыбысы қолданылмайтын ханзу тілінде жазғанда Темучин, орысша аударғанда Темуджин болып өзгерген. Қалмақ – Монғол тілінде Темуджин ешқандай мағына бермейді.
Жалайыр тайпасының бүткіл қазақтың, оның ішінде Ұлы жүздің ноқта ағасы болуы осы Шыңғыс хан заманынан қалған. Кейбір тарихшылар Қарахандар дәуінде жалайыр тайпасы бйлік басында болғанын дәлелдейді. Билік қарақытай тайпасына (мұсылманша – кідән) өткеннен кейін жалайырлар ата қонысы жетісудан онан, керіөлең бойына қоныс аудармағанда қайтсін. Бұл жерде логикаға қайшы еш нәрсе жоқ.
Енді Моңғол халкы кім, деген сұрақтың басын ашып алу керек. Бұл халық 10-13- ғасырларда Ойрат деп аталған. 14- ғасырдан бастап Қалмақ (өз тілдерінде халмығ), 18-19 ғасырдан бастап Орыс тарихшы- ғалымдары Зюнгар, Монгол атандырды. Джунгар, Барунгар халық атауы емес, оң қол, сол қол деген ішкі территориялық атауы. Джунгар – Ойрат тайпалары, Барунгар – халқы тайпалары. Ресейдегі қалмақ республикасының халқы қалмақтар мен Монголиядағы монгол халқы атасы бір, тілі бір, діні бір, рулары бір халық. Қазақтар бәрін де қалмақ деп атаған. Қазіргі Монғолия халқы ойрат рулары мен халкы руларынан тұрады. Халқылар бұрын да, кейін де Ойрат – Қалмақ тарихында үлкен роль атқармаған. Ресей қалмақтары Ойраттың Дүрбіт тайпасы мен Торғауыттың тоғыз руынан тұрады. Бұл қалмақтар Еділ бойына басқыншылық пиғылмен қазақ даласын орап алып екі жақтан майдан ашу үшін 1607-1620 жылдары ғана барған. Ак патшаның көп жылдар бойы қазақ, ноғай, естек, қырым татарларына қарсы жұмсаған қолшоқпары, жазалаушы әскері болды. Біртіндеп орыстанып жойылуға бет алып келе жатыр. Ойраттар түркі емес Манчжур- тунгус тайпасы. Кеңес архологы Е.В.Ковачевтің зерттеулері бойынша ойраттар Батыс Сібір, Байқал төңерегіне 10-ғасырдың аяғында Солтүстік Манчжуриядан келген. 12- ғасырдағы қытай деректері бойынша ойраттар аңшылықпен күн көрген, көшпелі халық болмаған. Шыңғыс хан, Құбылай хан әулеттерінің (Юань), кейінірек Есім хан кезінде бір бөлігі қазақ хандығының құрамында болғандықтан түрік (қазақ) тілі мен мәдениетінің ықпалына ұшыраған. Политеистік (көп құдайлы) шаман дінінен Будда дініне өткен. Құрамында ұсақ түрік тайпалары (Ұранқай,Бурят,төленгіт т.б), қазақ рулары (Барын,Шонас) да бар. Қазақтар ойрат, халқы руларын қара қалмақ (нағыз қалмақ), қалмақтанған түркі руларын
құба қалмақ деп атаған. Ұранқайлар өздерін тоба деп атайды, тобауыт тайпасынан (тува) бөлінген, буряттар (Бурут) қырғыз халқына жақын.
14-15- ғасырлардан бастап қазақ рулары босатқан Монғолия даласына Байкал көлі төңерегінен келген ойрат тайпалары көшпелі халыққа айнала бастайды. Сол кезден бастап Қалмақ(жұртта қалғандар) деп аталды. Ойраттар: дүрбіт, торғауыт, оймауыт шорас, баяуыт, өлет және т.б. ұсақ рулардан тұрады. «Құпия шежіреде» бәрі де ойрат деп аталады. 239- тарауында ойрат Құдығы бек түмен ойратын ертіп келді деген. Қазіргі тілмен айтсақ ойраттар сол кезде он мың түтін болған. Сол төңеректе әскер шығара алған. Жарты дүниені жаулау үшін бұл әскер аздық ететінін мектеп оқушысы біледі. Құдығы немесе Хутула бек дүрбіт руының көсемі болған. Сол кезде дүрбіттер жетекші роль атқарған. Ойрат қазіргі Қалмақ – Моңғолдың атасы болса, өз еркімен Жошы ханға келіп бағынсаа Шыңғыс хан қалайша Қалмақ-Моңғол болады? «Құпия шежіреніңа бір құпия да осы. Монғол тарихшысы Хара Даван «Книги монголских кочевников» Москва. 1972 жылы шыққан кітабында монғол жазуына 7 ғасыр болғанын дәлелдейді. 1280 жылы Юань әулеті кезінде Құбылай хан тибет ламасы Пағбаның көмегімен мемлекетке жана жазу енгізеді. 19- ғасырдағы орыс ғалымдары оны квадратные монголские писмена « Ба- Cы- Па» - деп атады. Баспа жазу деген сөз сол кезден тілімізде қолданыста жүр. Юань әулетінің құрамында болған ойрат-қалмақтар кейін Мің әулетінің боданы болды. Дінмен бірге келген осы жазуға
ие болды. Бұл оқиға 15-ғасырдың ішінде болды. Ойраттарда оған дейін жазу болмаған, ендеше 1240 жылы жазылған
(орхан жазуымен) Шыңғыс хан шежіресі ойрат- қалмақ тілінде жазылмаған және ойрат-қалмақ шежіресі де емес. Орыс ғалымдарының былықтыруымен қалмақ- монғол халқы осы шежірені малданып жүр. «Құпия шежіре»- қазақ – түрік ру- тайпаларының шежіресі. Бұған сенбеген адам Рашид – ад – Диннің «Шежірелер жинағын» оқығанда көзі жетеді. Қазақ халқы түркі қағанатының тікелей мұрагері болғандықтан найман, керей, уақ тайпаларында орхан жазуы ұзақ уақыт бойы қолданыста болды. Орыс, қытай археологтарының зерттеулерінде бұл жағдай ерте дәлелденген.
Ендігі әңгіме Ойрат – Қалмақ халқының Шыңғыс хан шежіресін қалай меншіктенуі. Қалың қытайды (Ханзу) билген Құбылай хан Тибеттен будда дінінің қызыл сектасын қабылдады, дінге сүйеніп өз билігін нығайтпақ болды. Бірақ қалың түркі- қазақ рулары будданы қабылдамады, «Тәңірін» ұмытпады. Құбылай хан тақты да мұрагерлік жолмен алмай күшпен басып алған еді. Осы себептермен қазақ рулары одан іргесін аулақ салып төңерегіндегі тек жалайыр, керей, қоңырат, меркіт, барғы, аздаған найман қалды. 1360 жылы қытайлардың көтерілісі басталып Мің (таза қытай) әулетін құрумен аяқталды. Ұлы қытай қорғаны сыртында болған, жалпы саны 2,5 млн. қытай әскері қатысқан бес үлкен шайқастан кейін түркі – қазақ рулары жеңіліс тауып батысқа ығысты. Керейлер Алтай тауына, Жалайырлар Еренқабырғаға, қоныраттар Балқаш асып көшті. Қазақ рулары босатқан қазіргі Монғолия даласына Ойрат пен Халқы рулары орнығып біржолата мал шаруашылығына ауысты. Сол кезден бастап қалмақ деп атала бастады. Көшпенділік мәдениеті оларда төмен дәрежеде. Қазақ киіз үйінің сапасы мен қалмақ киіз үйінің сапасы салыстыруға да келмейді. Осы кезге дейін Монғолия үкіметінің шетел елшілерін қабылдайтын киіз үйін қазақ шеберлері жасайды. Жалпы кейінгі кезге дейін қалмақ- моңғолдар мәдениеттің төменгі сатысында болғаны ешкімге құпия емес. Барон Унгерн туралы орыс киносында бұл жағдайлар өте анық көрсетілген. Арбаны көп пайдаланбаған және қазақ арба деп атаған. Ерте кезде киіз үйді- қазақ үй деп атаған. 1616 жылы Тибеттің сары будда дінін қабылдап, дін арқылы жазу келді. Ламалар Тибет, қытай тіліндегі кітаптарды өз тіліне (қалмақ) аударды. «Құпия шежіренің» көп оқиғалары Онон, Керіөлең бойында өткендіктен Шыңғыс хан қалмақ деген ұғым да қалыптасты. Шыңғыс ханға табынуды өз кезінде Юань империясының негізін салушы Құбылай хан заңдастырған. Бұл салт Құбылай хан ұстаған және қолданған. Будда дінінің канондарына сай келеді.Ал ислам,христиан діндері мұндай салтта құптамайды. Пекинде Шыңғыс ханға арнап «Сегіз ақ шатыр» деген атпен ғибадатхана орнатылған.Бұл салтта Сүлде (қалмақ тілінде) үлкен орын алады.Будда діні бар жерлерде Цаган Сүлде- Ақ ту мен Хара Сүлде-Қара туға арналып жеке ғибадатханалар салынған.Осы салттар будда діні арқылы қалмақ-моңғол халқына таралды және сақталды.Шыңғыс хан қалмақ деген ұғымды қалыптастыруға бұл салтта өз үлесін тигізді.Ал қазақ рулары будда дінін қабылдамағандықтан, бұл салттар бізде жоқ. Шежіренің монғол тіліндегі алғашқы нұсқаларында қазақ сөздері 20% дейін сақталған.Қазақ арба,Қазақ үй деген сөздер 5-6 реттен кездескен.Аударманың 3-4 реткі қалмақ тіліндегі басылымында біртіндеп қазақ сөздері қалмақшамен алмастырылған.Қараңыз:Монғолия тарихшысы Ислам Қабыш ұлы. «Шыңғыс хан» мақаласы Шыңғыс хан заманында да одан кейін де қазақ рулары арбаларды көп пайдаланған.Мысалға өзбек Шайбани Мухаммед(Шахбақыт) ханның Қасым ханның бір ұлысына жасаған жорығында олжаға 10-мың күйме-арба түсіргені белгілі.Сонда Шыңғыс хан қазақ үйде тұрса,қазақ арбамен жүрсе,қазақ тілінде сөйлесе(өз аузымен айтылған-Мәңгі көк Тәңірі-деген тіркесті алыңыз),қазақтың көне діні Тәңірге сиынса, ол қалайша қазақ емес? Өзі қабылдаған Жасақ (орыс тілінде Ясы) заңы мен Билік заңы қазақ елінің кейінгі жарғыларына негіз болды.
Қорытындылай келгенде Сақ ұлыстарына – ғұн, үйсін, қаңлы ұлыстары – оған Түркі қағанаттары – оған Алтын орда, Ақ орда, Моғолстан – олардың мұрагерлері қазақ, өзбек ноғай ордалары.
1206 жылы өткен Құрылтайда Темір ханға – Шыңғыс атағы, қаған дәрежесі берілді. Оны жария еткен Темірдің өгей әкесі(Есугей батыр қайтыс болған соң шешесі Өлең Меңлікке тиген) қоңырат Меңлік бидің баласы Көкше бақсы,Тәңірі дінінің абызы болған.
Енді Лев Гумилевтің деректері бойынша осы құрылтайға қатынасқан тайпалардың тізімін келтірейік:
1. Жалайыр тайпасының үш руы.
2. Керей, Уақ,Найман тайпалары
3. Моғол тайпалары.
Ол кезде Шыңғыс ханға қосылмаған Ұйғыр, Ойрат,Қырғыз халықтары құрылтайға қатыспаған. Таза қазақ ру-тайпалары Шыңғысты қаған сайлады. Шыңғыс атағы да қазақ сөзі,қалмақ-монғол тілінде еш мағынасы жоқ. Шын+Құз секілді хан –Шыңқұз-Шыңғыс қазіргі Нұрсұлтан деген есімнің көп тарағаны секілді ертеректе Темір,Шыңғыс есімі қазақта көп болған.
«Құпия шежіредегі»:-Ауыр уық,Жырғамақ,қымыз,кекіл,бұйрық,Жақы,Айғыр,ақташы,ажа,құда-анда,сірне,борашы,бөке-уіл,басқақ,тамға,жарғышы,Атабек,сайып-қыран,қара –қорым,билік,жасақ, қорық, жат,қараша,жосын,құрылтай,ұлыс т.б. сөздердің,М.Поло кітаабында кездесетін –онбасы,жүзбасы,мыңбасы,түмен басы,Ханбалық,Ақбалық,кезектен,Айгерім,ал-тын,т.б.сөздердің қазақтың төл сөздері екенін дәлелдеп жату артық.
Шежіреде де, басқа тарихи еңбектерде де Шыңғыстың әскери адамдары нөкер деп аталады.Қалмақ-Монғол тілінде нөкер сөзі жоқ-Саид(Cайыт) деп аталады.Сондықтан шежіреде кездесетін сөздердің қазақша-қалмақша қысқаша сөздігін келтірейік;
Орда-Өргә (қазақ тілінен ауысқан)
Қымыз-Айррық (чіге)
Кезектен –Хишигтен(қазақ т. ауысқан)
Несібе-Хишиг
Жебе (садақ оғы)- Харвуул
Қылыш- Сэлэм(cулитэ)
Тайшы (ұстаз, атақты)-тәйжі(хан)
Шежіре – Шасар
Ойрат –қалмақтар 12-ғасырда бек-деген түркі сөзін қолданған, себебі ол кезде олар хандыққа жетпеген ,кейін Тайзу(император)- деген қытай сөзін алып, тәйжі, қонтәйжі деп өзгертіп хан сөзі дәрежесінде қолданған.Ал Шыңғыстың қонтәйжі болмағаны әлемге аян.
Осы құрылтайда Шыңғыс хан 95 мың адамдық әскер жасақтайды,мыңбасыларын тағайындайды.
1203 жылғы керейдің Уақ ханымен болған соғыстағы жеңілістен соң 4мың адамы ғана қалған ол қалайша 3 жылдың ішінде 95 мыңдық әскерге ие болды? Қоңырат, Керей, Найман және Моғол тайпалары есебінен.Бұлардың Шыңғыс хан билігіне тез көнуі және шын берілген адамдарға айналу себебі,бәрі де бір қазақтың баласы екендігі және Шыңғыстың жеке басының қадір- қаасиеттері,әділдігі,халқының қамын жегені екендігі сөзсіз.
Солтүстік Қытайдағы Алтын хандығына (Шүршіт империясы) шабуыл жасағанда барлық жауынгерлеріне садақ жебесіне қарсы жібек көйлек кигізгені тарихта болған оқиға.
Барлық әскерді үш корпусқа бөлген:
1.Сол қанат-Қолбасы Жалайыр-Орақты Мұқалы батыр.
2.Оң қанат –Жалайыр- орақты Бауыршы.
3.Орталық –Жалайыр- тарақты Ная(Найа).
Бұл жерде джунгар,бурунгар деген сөздер жоқ, болуы да мүмкін емес.
Қарап отырсаңыз бүткіл әскер жалайыр әскербасылардың қолында болған.
1223 жылғы Калка шайқасын басқарған түменбасы, атақты Жебе ноян да (өз аты Жырғатай)- жалайыр тарақты.
Әскер туралы әңгіме қозғаған соң айта кетейік,1218жылдары Шыңғыс хан бір мезгілде екі бағытта;- шығыста 100 млн халқы бар Шүршіт әулетімен (солтүстік қытай),батыста-400 мыңнан 700 мыңға дейін әскер шығара алатын Хорезммен (тарихи еңбектерде осылайша әртүрлі көрсетіледі).бір мезгілде соғыс жүргізгенін ескерсек, орыс тарихшыларының Шыңғыстың әскери күшін 200 мың адам төңерегінде деп есептегені қате екенін көреміз.
Қазыбек бектің көрсетуі бойынша 500 мың адам,оның ішінде;
450 мыңы- таза қазақ рулары.
32 мыңы -татар корпусы.
4,5 мың- ойрат.
Ал қалғандары одақтас ұйғыр,қырғыз,қарлық т.б. халықтардан құралған,бұл шындыққа келеді. Ал Хорезм шахы Мухаммедтің негізгі күші 70-80 мыңдай қаңлы әскері,қалғаны қыпшақ, түркімен,қалаш,қажар т.б. түрік- оғыз тайпалары болған. Сонда Хорезм мен Шыңғыс хан арасындағы соғыс та таза түрік тайпалары арасындағы соғыс болып шығады. Бұл түсінікті де себебі Орта ғасырда Орталық Азия аумағында жетекші рольді түрік тайпалары атқарды. Бұл жағдайды Лев Гумилев баяғыда жазып дәлелдеп кеткен.
Енді Шыңғыс ханның әйелдерін қарастырайық;
1.Алғыншысы Бөрте -қоңырат қызы.
2.Есүй,Есуген -татар тайпасынан .
3.Қадан- жалайыр,тарақты.
4.Күлән -Абақ Керей,Меркіт.
Бөртеден 4 ұл- Жошы,Шағатай,Үкітай,Төле.
Есугеннен 3ұл- Қарсар,Қарақат,Шағыр.
Күланнан 1ұл- Күлеген.
Жошы есімі туралы;-Меркіттерден Бөртені қайтарып алып келе жатқанда еліне жетпей жолда босанған соң атын -Жолшы қойған.Қазақ тіліндегі сингармонизм (үндестік) заңы бойынша сөз ортасында келетін дауыссыз дыбыстар түсіп қалып айтыла береді. Жолшы -Жошы ,Кигіз- Киіз,Құмған -Құман.
«Ақсақ құлан -Жошы хан» жыры мен күиі тек қазақ халқында ғана бар. Орыс тарихшылары Жошы ханды кісі қолынан өлді (дұрысында -өлтірді) деп қанша бұрмаласада,1959 жылы Қазақ ССР ғылым академиясының ғалымдары Жошы хан мазарын ашып мәйітік экспертизадан өткізеді.Сол кезде не удың,не қарудың ізі болмаған, тек сол қолы жоқ болып шыққан.Бұл халық аңызының шындық екенін дәлелдейді.
Шешесі Өлең асырап алған інілері;
1. Бурақұл - Жалайыр -Орақты, Жүрек тұқымы.
2.Күші – Абақ керей,Меркіт.
3.Шикіқұт- татар тайпасынан.
4.Көкеш-жалайыр тарақты.
Осы жоғарыда келтірілген Шыңғыс ханның қол бастаған батырларының,әйелдерінің,балаларының, асырап алған інілерінің ішінде қалмақ- моңғолдан бір адам бар ма?
Қазақ есімі мен Қалмақ Моңғол есімдерін айыра алмайтын тарихшылар тек қазақстанда ғана бар екен.
Қытайды билеген Шыңғыс әулеті 1260-1281 жылдары МЭН –ГУ(мәңгі ел) деп аталды да, ары қарай қытайша Юань(бастау,негіз ) деп аталды.
Құбылай ханның кезінде Хан-балықтың (Пекин) маңындағы хан жайлауында аппақ он мың жылқы бағылған. Осы жылқылардың қымызын тек хан тұқымдары мен руы Жалайыр және қоңырат тайпасының адамдарына ғана ішуге рұхсат болған.Бұл мәлімет Марко Поло кітабында бар.
Шыңғыстың өзінен тараған ұрпағы тек қазақ ішінде сақталған,төре руы деп аталады, жүзге кірмейді. Төре таңбасы да жалайыр тайпасы - тарақ.
Жалпы қазақта жүздерге кірмейтін 20 ру бар.Олардың біразы Моғал рулары қатаған,дүрмен,барлас,маңғыт,моғалтай т.б.
Еміл қаласында құйылған Мөңке қағанның(төртінші және соңғы улы қаған) теңгелерінде де тарақ таңбасы бар. Алтын Орда (Жошы ұлысы) туында да тарақ таңбасы салынған. Осының бәрі Шыңғыстың Жалайырдан шыққандығын дәлелдеп тұр.
Жетісудағы Үйсін елін азат еткен соң Жошы әкесінен Жетісуды сұрапты. Қаған көнбеген соң Жошының айтқаны;
«Сенің түбің-Жалайыр,
Менің тегім –Абақ-ты
Екеуі де бір туған
Берсей жылы қабақты»
Шыңғыс сары сақалын сипап күліп жіберіп,орнынан тұрып кетіпті.Кейін Жетісу мен Маңлай сүбені(Қашғария,Жонғария) екінші ұлы Шағатайға береді.
Енді Моғол елесімі туралы.
Бұдан 2 мың жыл бұрын Үйсіндер Абыл,Азық,Албан (ескі),Санжар елі ,Дулы елі деп бөлінген.
Кейін Азық елін Моғал деп атау қалыптасқан.Тоныкөк, Күлтегін жазуындағы Аз рулары,Есік жазуындағы Із елі, Л.Гумилевтің «Қиял патшалығын іздеу» кітабындағы 390 бетінде келтіретін аздар_- осы Азық елі мен рулары.
12-ғасырда қазақ ру тайпалары шығыста Манчжурия мен Ұлы қытай қорғанынан бастап Карпат тауларын дейінгі далада қоныстанған.Ұлы орыс жазығы ол кезде Дешті Қыпшақ деп аталды.Қазіргі Монғолия жерін сол заманда Моғал тайпалары, Керей, Найман,Уақ,Татар тайпалары жайлаған. Татар тайпасын Шыңғыс хан жойып жібергені тарихтан белгілі.
Қазақ арбаның оқ теміріне бойы жетпеген жас балалар ғана қалды, оларды басқа ру-тайпаларға таратып жібереді. Кейін Есугеннің көмегімен ержеткен ұлдардан жеке татар корпусы-34 мың адамдық әскер жасақталады. Хорезмге,Иранға,Ресей мен Еуропаға жасалған жорықтарда татар корпустары үнемі әскердің алдында болады.Олардың ұраны-«Татар,татар» -еді.
Сондықтан Шыңғыс Бату әскерін басқа халықтар татар деп атаған.Алтын Орда ыдыраған соң қазан татарлары, Астрахан татарлары , Қырым татарлары, Кавказ татарлары,Касимовка татарлары, Литва татарлары,Поляк татарлары,Сібір татарлары,Барабы татарлары т.б. аттармен қазақ ру-тайпалары Азия мен Еуропаға таралып кетті. Қазан бұлғарларынан басқасы өздерін қазақ деп атаған.
(Орыс ғалымы Вельяминов-Зерновтың зерттеулері бойынша) .1397-1410 жылдары Қырым татарларының бір бөлігі Литван королдігіне көшіп келіп, почта қызметін атқарады. Осы Литван татарлары да өздерін қазақ деп атаған.(М. Тынышбаев «Великие бедствие» 48 бет)
Алтын Орданың барлық көшпенді халқы 13- ғасырда да одан кейін де өздерін қазақ деп атаған.
Ұлы Петр патшаның кезінде Молдавияның господары(патшасы) болған, өте білімді,Осман империясы мен Молдаван тарихын жазған Шыңғыс тұқымы Дмитрий Кантемир өзі туралы-туған жерім қыпшақ даласы,ана тілім- қазақ тілі деп өз еңбектерінде жазып қалдырған. Бұл мәліметтерді татар тайпасына қайта айналып келмес үшін келтіріп отырмын.
12-ғасырдың басында түркі тайпасы қарақытайдың (мұсылман авторларында -кідән.) Солтүстік қытайды 200 жылдай билеген Ліәу империясы құлайды. Бұл Шүршіт (чжурчжень) тайпаларының біріккен соққысынан болды. Шүршіттер –манчжур- тунгус тайпасы. Ал қарақытайдың түрік тайпасы екендігі «Құпия шежіреде» Шыңғыстың өз сөзімен келтірілген.
«Біз кідән бауырларымызды шүршіт тепкісінен азат етуге барамыз.» Ұрыс барысында кідән армиялары өз еркімен Шыңғыс жағына шықты. Кідән империясы құлаған соң олардың Елюй Дашы (Мүмкін өз кезінде «Ел басы»деп аталған шығар) басқарған бір бөлігі Ұйғыр идіқұтының жерімен солардың көмегі арқылы өтіп, Жетісуға Үйсін жеріне келіп Батыс Ліәу хандығын құрады. Түрік тайпаларынан басқа халықтар мемлекетін- хандық деп атамайды. Үйсін, қаңлы тайпалары бастары бірікпей өзара соғысынп жатқан кезі болғандықтан Елюй Дашы бұл тайпаларды тез әрі өз еркімен бағындырады. Л. Гумилев айтқандай бұл қатар өмір сүру секілді құбылыс еді. Уақытша бұл жағдай екі жаққа да тиімді болып көрінді. Жалайыр тайпасының Монғолия жеріне қоныс аударғанын тек қара қытайға бағынғысы келмегенімен түсіндіруге болады. Себебі Елюй Дашының келуімен Қарахандар заманынан бері билік басында болған Жалайыр тайпасы биліктен айрылады. Ол кезде қазіргі Монғолия үстіртік мекендеген Моғол тайпаларында хандық билік жоқ еді. Соғыс жағдайында ғана тайпааралық одақ (конфедерация) құрылып, гурхан сайланатын. Елюй Дашының да әкімшілік дәрежесі Гурхан болды.
Лев Гумилевтың «Киял патшалығын іздеу» кітабындағы картада Яғма (жалайыр) тайпасының қоныстануы көрсетілген:
8 – 9 – ғасырларда – Балқаш, Іле бойы.
10 ғ - қашғария жері.
12 - ғасырда Жетісу да Қашғария да Батыс Ліәу хандығының құрамына кірді. Тәуелсіз тайпалар негізінен қазіргі Монғолия үстіртінде қалды. Жалайырлар да Онон, Керіөлең бойына қоныс аударды. Реті келгенде айта кетейік Шыңғыстың найман ханы Таянмен соғысының негізгі себебі мынау еді:
- Керей тайпаларын қосып алып күшейген соң Шыңғыс Таян ханға елші жіберіп, қарақытай тепкісінен Үйсін бауырларын азат етуге көмек көрсетуді сұрайды. Таян хан көмек бермек тұрмақ, найман жерінен Шыңғыс әскерін өткізуден бас тартады. Найман ханын жеңіп, халқын қосып алған соң ғана Шыңғыс Батыс Ліәу хандығына шабуыл жасауға мүмкіндік алды. Осы соғыста Ойрат тайпасы наймандар жағында соғысады. Батыс Ліәу билігін 1211 жылы найман Күшлік хан басып алған еді. 1218 жылы ол Шыңғыс жіберген, Жебе мен Сүбітай басқарған 20 мың қолына төтеп бере алмады. Себебі Үйсін тайпалары, Қашғардың мұсылман халықтары Шыңғысты қолдады. Себебі туыстықтан басқа ол кісі ешбір тайпаның немесе халықтың ұстаған дініне қысым жасамады. Дінге төзімділік қазақ халқының бойында әлі күнге дейін келе жатыр. Күшліктің жағында тек наймандар мен қарақытайлар ғана қалды. 2000 үй Қарлық тайпасы мен Ұйғыр идіқұты (ханы) да Шыңғысқа өз еріктері-мен қосылды.
Моғол тайпаларына :
- Жалайыр, Ұрғыт, Маңғыт, Қоралас, Салжұт, Дүрмен, Барлас, Екірес, Қатаған, Барын, Шонас, Тоқырауын рулары жатқан (Л.Гумилевтің еңбектерінен).
Енді осы ру – тайпаларды жекелеп қарастырайық.
1. Ұрғұт, Маңғыт тайпасы кейін Жошы ұлысы құрамында болды. Атақты Едіге би шықты. Қазір ноғай, қырым татарлары, қазақ, қарақалпақ құрамында.
2. Қоралас – Дулат тайпасы ішінде.
3. Дүрмен – Найман ішінде.
4. Барлас - Әмір Темір шыққан ру.
Бабырдың кезінде дулаттармен бірігіп Индия, Кашмирде Ұлы моғолдар мемлекетін құрды. 300 жылдан соң империя
құлаған кезде үнділерге сіңбеген бөлігі қайтып келіп қазақтың құрама тайпасына Моғалтай даген атпен қосылды.
5. Қатаған – Тұрсын хан мен Есім ханның кезіндегі соғыстарда саны азайып, кейінірек құрама тайпасына қосылды.
6. Барын, Шонас руларының бір бөлігі қазаққа Масаншы тайшының шабуылы кезінде қалмақтарға өтіп кетіп қайтпай қалды. Екінші бөлігі ноғай ішінде.
7. Екірес - өкіреш деген атпен найман ішінде.
8. Салжуыт – Сежуют деген атпен ноғай ішінде. Сөз реті келген соң айта кетейін, Аштархан ноғайлары өздерін қазақпыз деп есептеген.
Қазіргі Жалайыр тайпасы тоғыз ата орақты, үш ата жазықты қосылып 12 ата Жалайыр аталады. Тарақты Арғын ішінде, Арғынға жиен болған соң Шыңғыстан қашып қалың арғын ішіне тығылған.
Ол заманда 12 ата Абақ – Керейді меркіт руы билеген соң бәрін де Меркіт деп атаған. Меркіттер Шыңғыс қаһарынан Үйсін ішіне қашқан. Меркіттердің Үйсін еліне жазған хатының бір ауыз өлеңі сақталған :
- Мен Меркіт – Шапырашты баласымын,Үйсін, Керей екеуінің таласымын.
Сарсақалдан қорғағын, қоныс бергін.
Қалаймын таудың үстін – Қарқараны
Лабас, Арқас екеуі арасының.
Кезінде орыс картографтары өз білермендігімен Лабасты – Іле алатауы (Заилйский Алатау) деп, Арқасты – Джунгарский алатау деп картаға түсіріп жіберген. Қытай карталарында Арқасты – қазақ алатауы деп көрсетеді. Ол аздай Семенов қазақтың Тәңірі тауларын немесе Еренқабырғаны қытай тілінде Тянь – Шань деп картаға түсірген. Бұл таулар аз уақытқа болмаса қытай жері болған емес.
13 – ғасырда жазылған Плано Карпини, Гильом Рубрук, Марко Поло, араб Ибн Батута еңбектерінің түпнұсқасында Монгол елесімі кездеспейді. Татар деп немесе Моал, Моғал деп жазылады. Татар елесімі – орта ғасырларда қытай, Еуропа, Орыс елдері тарапынан қазақ тайпаларын сырттан қойылған жалпы ат. 6 – 9 ғасырдағы Түрік, түркі деген жалпылама елесім секілді. Қазақ ру – тайпаларын да ол кезде солай деп атаған.
Ибн Батутаның еңбегінен мысал келтірейік.1330 жылы жазылған «Дешті қыпшаққа саяхат» кітабында Сарай Берке шаhары туралы;
«Әскерлері моғалдар еді, моғалдар арасында мұсылмандары да бар екен. Сарайды қыпшақ, шеркес,рум халықтары мекендейді.»
Түпнұсқада Монғол елесімі жоқ,және қалмақ монғол ішінде мұсылман діні де кездеспейді.
Моғал елесімінен;
1. 1206 жылы Шыңғыс хан құрған Моғалстан Гүрхандығы.
2. 1330 жылы дулат тайпалары құрып, Шағатайдың тұқымы Тулы Темір ханды 1348 жылы таққа отырғызған Моғалыстан хандығы
3. Барлас және дулат тайпалары күшімен Бабыр шах құрған Индия мен Кашмирдегі Ұлы Моғалдар мемлекеті өз елесімін алды.
Монгол елесімі –Ойрат,қалмақ халқына орыс тарихшылары 18-19 ғасырда қолдан жапсырған жасанды есім. Моғалды - Монголға айналдырып, Қалмақ халқын Зюнгар,Монгол атандырды.
Қазіргі кезде көптеген мемлекеттерге, одан да көп саясаткерлерге көшпенді халықтардың адамзат өркениетіне қосқан еңбегі керек емес. Бұл саясат көшпенді халықтарды жабайы деп санайтын Еуропа ғана емес Ресейге де қатысты. 1944 жылы КПСС Орталық Комитететінің қаулысымен кеңес ғалымдарына Шыңғыс хан тұқымдары империяларын зерттеуге тиым салынды. Осы кезге дейін сол саясат істеп келе жатыр.
11-12 ғасырдағы Шүршіт тарихшылары қазіргі Монголия жерін мекендеген түрік - қазақ руларын жалпы атпен -
ЦЗУБУ деп атаған. Сол кездегі қытай (ханзу) тарихшылары болса жалпы атпен- ТАТАР деп атаған. Себебі көп жылдар бойы түркі-татар тайпасы саны жағынан да, мәдениеті жағынан да Ұлы далада жетекші орында болды. Татар тайпаларын ханзулар 12-ғасырда үшке бөлген;
1. Ақ татарлар – Ұлы қытай қамалын солтүстік жағынан бойлап қоныстанған мәдениеті жоғары көшпелі рулар. Қамал
күзеткендері үшін Ліәу,Цзинь (Алтын империясы) үкіметтерінен жібек, фарфор,шай т.б. да заттай табыс алып отырды. Несториан дінін ұстады , орхон жазуын пайдаланды . Көсемдерінің шүршітше , қытайша сауаты болды. Бұл тайпаның
қытайша аты Оңғыт деп аталса да , көптеген ғалымдар, археологтар-қазақтың Уақ тайпасы екендігін дәлелдеген.
2. Қара татарлар – Ұлы даланы қоныс қылған,қазіргі ішкі және сыртқы Монғолия үстіртін мекендеген , негізгі кәсібі мал шаруашылығы болған көшпелі түрік - қазақ тайпалары. Сонымен бірге бұл тайпалардың қалалары да болған. Мысалға керейлердің күндік, түндік, қарақорым атты қалалары болған. Ертеде Қара - қорым ұйғыр қағанатының да астанасы болған. Бұларға -татар,керей,меркіт,найман,қоңырат және моғол руларын жатқызған. Қытай тарихшылары Шыңғыс ханды осы қара татарлардан шығарады.(қараңыз;Л.Гумилев «Қиял патшалығын іздеу.»)
Татар тайпасын Шыңғыс хан жойып жіберген. Қалғандарының қазақ ру - тайпалары екендігі де даусыз шындық. Ханзу
тарихшылары да Шыңғысты Моғол жалайыр тайпасынан шығарады.
3.Тағы татарлар – Оңтүстік батыс сібірдің аңшы , малшы ұсақ тайпалары мен халықтары. Көбісінде хандық билік болмаған мемлекет құру дәрежесіне жетпеген,бұларды ел ағалары-Бектер басқарған. Тағы Татарларға;-қоры түміт,ойрат,қырғыз,сақауыт (якут) , тобауыт (тува) ұраңқай т.б. да ұсақ ру тайпаларды жатқызған. Бұлардың ішінен сол кезге дейін үлкен хандық болған қырғыз халқы еді, бірақ хандықты қарақытайлар жойып жіберген. Ойрат тайпасынан басқалары түрік халықтары мен рулары. Осы тарихи зерттеуге сүйенсек Ойрат (Қалмақ - Монғол) халқы Шыңғыс хан империясының құрылуына қатысқан жоқ. Осы тұжырымды мен ғана емес, Шыңғыс тарихын зерттеген ғалымдар француз Гроузет, жапон Отаги Матсуа , парсы Рашид - ад -Дин де өз еңбектерінде дәлелдеген. Тосыннан тарих , жоқтан бар, монғол - елесімін қолдан жасау - таяу заман отаршылдарының ең бір сұрқия тапқырлығы.
Кітаптың атының «Құпия шежіре» деп өзгертілуі Мің әулетінің отаршылдық саясаты нәтижесінде болған жұмыс. Шыңғыс әулеті олар үшін басқыншы болды, сондықтан Ұлы ханды тұқымынан ажыратып жатқа телу керек. Ал Ойрат қалмақтарға Мің әулетінің боданы болғандықтан өздерін Шыңғыс ханның мұрагерлері хақында дабырайтып көрсету керек болды. Монғол тарихшысы Хара Даван да өз еңбегінде – «Шыңғыс ханның негізгі халқын түрік рулары құрады»- деп мойындауға тек тарихи шындық қана мәжбүр етті. Жауынгер түрік тайпалары мен халықтарының өздерінен саны аз жауларына бағынғаны тарихта болған емес. Винтовка мен зеңбірек шыққан соң ғана найза мен садақтың туы жығылды.
Орыс тарихшыларына келетін болсақ олар да отарлаушы, зомагер үкіметінің сойылып соққан.
Шыңғыс ханды монғол жасау арқылы олар да саяси мақсаттарды көздеді;
1.Қазақстан мен Орта Азия елдерін ежелден құл етіп көрсету арқылы олардың өз жеріне, өз еліне иелік ету ұқығын жоққа шығарды.
2. Ойрат- Қалмақ халқын Монғол жасау - оларды Шүршіт (манчжур) патшалығынан бөліп алуға жақсы сылтау болды.
Кеңес өкіметі кезінде осы сұрқия саясаттың бәрі жүзеге асты. Қазақстан , Орта Азия , Монғолия орыстың отарына айналды. 200 жылдық отарлық езгінің зардаптары әлі күнге дейін сақталып келе жатыр. Қазақ халқы санын да ұлттық санасын да жартылай жойды.
3.Сібірдің ұсақ түрік халықтарын басқа түріктерден бөлектеп қалмақтарға бейімдеу үшін керек болды. Буряттар , Тувалар,Ұраңқай, алтай ,төлеңгіт т.б. ұсақ түрік ру - тайпалары қалмақтануға бет алды.
Көшім хандығын –Сібір хандығы деп атап тарихқа кіргізді. Көшім мен оның халқын қазақ еместей көрсетті. Қарақшы Ермакты орыстың ұлттық батыры жасап шығарды. Кейінгі қазақ тарихшылары қазақ халқының тарихын 15- ғасырдан бастайтын болды. Сол кездегі жер көлемі бойынша әлемдегі ең үлкен мемлекеттердің бірі болған қазақ хандығы қалайша ғайыптан пайда болды? Осы ертегіні әлі күнге дейін малданып жүргендер бар. Алтын Орданың қазақ хандығы екендігін мойындамау керек болды. Алтын Орда кезіндегі көптеген елдерде, оның ішінде орыс княздіктерінде қазақ тілі халықаралық тіл ретінде жүргенін, қазақтың теңгесі қазіргі АҚШ долларының орнына жүргенін біреу білсе де, көбісі білмейді. Алтын Орда билігі жүрген 300 жыл ішінде орыс тіліне көптеген қазақ сөздері кірігіп кетті:
1. Башка - голова
Башибузик – головорез
2. Буран , туман, тюбитейка,толмач,тумен,курень,тьма, казан, таган, улан,булат,богатырь, т.б. да басқа көптеген сөздер.
3. Круг – күрік сөзінен
4. Садақ- жақ,қорамсақ белдігімен.
5. Аманат- заложник
6. Беркут – орел
7. Деньги – теңге сөзінен
8. Копейка – көбек (төбет) сөзінен
9. Очаг – ошақ.
10. Алтын (3копейка) – сокращение алты тиын = 6 белок.
11. Тютюн – түтін (низкосартный табак)
12. Стакан – от слова тостаған
13. Тамга – таңба,тамға.
14. Айда – пошли, поехали
15. Жемчуг – інжу сөзінен.
Әрине бұл тізімді жалғасаң кете береді. Ал қалмақ (моңғол) тілінен кірген сөзді орыс тілінен тауып көріңіз. Оны орыстың тіл ғалымдары да таба алмайды.
Қазақ басылымдарында көп кездесетін Түрік- Монғол деген тіркестің жүруі қазақ ғалымдары мен тарихшыларының ұлттық санасының аздығы мен сауатсыздығын көрсетеді. Әлде Шыңғыс әскерінің 500 мың адамы ішінде 4 мың ойрат болды деп бүкіл әскерді де Шыңғысты да моңғол жасаймыз ба ? Өз кезінде «Ана тілі» газетіне сала –құлаш мақала жазып найман –сегіз (найме) , керей- тоғыз (кире) деген монғол (қалмақ) сөзінен шықты деп дәлелдеген қазақта болған. Ол кезде осы сандырақты шындыққа балағандар да болды. Қалмақтар өз кезінде қазаққа бодан болып, кейін ата жауына айналған ел.
Қытай қазағы Тілеуберді Әбенай ұлы – шыныңа көш тарих!
Шыңғыс хан кім ? – деген кітабында Шыңғыстың қазақ екендігін дәлелдеп шыққан, бірақ менің ойымша үш қате жіберген:
1. Шыңғысты – жалайыр ішінде тәйжігіт деген атасынан дейді.
Жалайырда тәйжігіт деген ру жоқ. Дұрысы Қазыбек бектің Жалайыр-Орақты – Андас деп таратуы. Сонда барлығы өз орнына келеді. Қосымша деректерді кейінірек келтіремін .
2. Сол заманда Монғолия жерін қоныстанған Үйсін – Азық руларының жалпы аты –Моғал екенін білмеген.
3. Темірді – Темүжін деп жазған . Қытай тілінде Темір - Темучин , ал орыс , қалмақ тілдерінде Темуджан болып өзгеретінін ескермеген .
Қаңлы тайпасынан шығып, Шағатай ханға қызмет еткен Жамал қаршы атамыздың жазған «Шыңғыс наме» кітабын әлі күнге дейін қазақ ғалымдары өз тілімізге аударған жоқ , бұл кезек күттірмейтін мәселе еді.
Алтын Орданың , Моғалстанның, қазақ хандарының барлығы дерлік Шыңғыс хан ұрпағы екендігін дәлелдеп жату артық. Мақаланың соңында хандар шежіресін келтіремін және қазақ руларынан тараған орыс халқының атақты адамдарының толық емес тізімін беремін.
Қара басының қамын халқынан жоғары қойған, хандық билікке заңсыз жолмен, қулық - сұмдықпен жеткен қарадан шыққан билік - құмар адамдардың қара қазаққа жасаған зияны басындағы шашынан да көп болды. Қият,Мамай, барлас Әмір Темір, маңғыт Едіге би тұсындағы бұлғақ замандарда орталық билік әлсіреп қара халық қырғынға ұшырады. Мысалға Әмір Темірдің Моғалстанға жасаған 11, Алтын Ордаға жасаған екі жойқын жорығын келтірсек те болады. Сарай Бату мен Сарай Беркенің 100 мыңнан астам халқы болған. Қалаларды өртеп, халқын қырып жойып, қалғанын құлдыққа сатқан. Екі қала да қайтадан өркендай алмады. Моғолстанның көп қаласы да солардың жолын құшты. «Қарадан шығып хан болмас» - деген мақал сол кездерде туса керек.
Қазыбек бек жазғандай Шыңғыс хан қара қазақтың қылшығын қисайтқан жоқ, билікке таласқандарға, солардың соңынан ергендерге ғана қатты келді. Өз еркімен берілген Хорезм қалаларына да тиген жоқ. Үйсін тайпаларын қарақытай езгісінен азат етті. Ыдырап жеке – жеке хандық, уақыт өте келе жеке – жеке халық болуға бет алған қазақ ру – тайпаларын бір хандыққа біріктірді. Түрік қағанатынан соң ұлы дала тайпалары соңғы рет бастары қосылды. Ата мекенінде Моғолстан, Алтын Орда секілді іргелі мемлекеттер бой көтерді. Алтын Орда, Ак Орданың жалғасы болған қазақ хандығына кейінірек Моғолстан құрамындағы Ұлы жүз рулары қосылды. Орыс басқыншылары Қазан, Аштархан хандықтарын қиратып, Ноғай ордасын тоздырған соң, ноғайлардың бір бөлігі қазақ халқына қосылды, 500 мыңдай адамы Туркияға көшті. Шыңғыс хан атамыздың арқасында қазақ елі осы халге жетті. Ел тізгінін ұстағандардың санасы жетсе Қазақ елінің әр қаласында ең құрметті орында Шыңғыс хан ескерткіші тұру керек еді. Тәңірінің көзі түзу болса ұрпағы оны көретін де күн туар!
«Құпия шежіренің» құпиясын аштық деп ойлаймын, ендігісі негізгі қорытындылары:
1. Шыңғыс атамыз қазақ, жалайыр.
2. Шыңғыс хан ұлысы, Алтын Орда, Моғалстан, Ирандағы Елхандар мемлекеті, Юань әулеті,
Индиядағы Ұлы Моғолдар мемлекеті бәрі де қазақ рулары құрған мемлекеттер.
3. Қазақстандағы тарих оқулықтарына шынайы тарихимызды кіргізіп қайта жазуымыз керек.
15 – ғасырға жабысып алып, басқа елдерге күлкі болмайық.
4. «Құпия шежіренің» қазақ халқының төл туындысы екенін дүние жүзіне ашық жариялауымыз керек.
Бұл замана талабы, өткен аталарымыздың алдындағы борышымыз. Әр халықтың пір тұтатын ұлттық қаһарманы болады. Сондай адамдарға француздың Наполеоны, орыстың 1- Петр патшасы, индия халқы үшін Мхатма Ганди, дағыстан халқы үшін имам Шәміл секілді адамдар жатады. Ал қазақ халқының осындай ұлттық қаһарманы
- Шыңғыс хан!
Өз сөзімен айтқанда:
«Алтын денем қалғыса да,
Ардақты елім солмасын.
Бүтін денем қажыса да,
Бүкіл елім тозбасын.»
Бұл жерде алып – қосар еш нәрсе жоқ.
Шыңғыстың қазақ екендігін Кеңес үкіметінің оқуы мен тәрбиесі өтіп кеткен қазіргі қазақтар білмесе де ескі көздер білген. 1921 жылы Кеңес үкіметінің кезекті құрбаны болып атылып кеткен Пышан ақынның бір айтысын келтірейін. Пышан Жәлменде ұлы Жалайырдың Байшегір руынан. Қасындағы 30 жігітімен серілік құрып жүріп, Жалайыр – Андаста өткен бір тойда бір байдың апалы – сіңілі Әшіркүл, Зейнеп деген екі қызымен айтысады. Айтыстың аяғына таман Пышан:
- Қыздардың сөзі өткенге құрсанмын ғой
Қуанам айдағандай жүз сан , мың қой
Қашанда қыз атаулы маған құмар
Белгілі Жетісуға Пышанмын ғой.
Әшіркүл , Зейнеп :
- Біреуге жалынбаймыз, әзір тыңбыз,
Атаңыз Байшегір – ді емес шың-құз.
Кебесің Пышанмын деп, біз қайтпекпіз
Бас ұрған барлық қазақ –атам Шыңғыс –
деп салған. Осы кезде Пышанның жанындағы жігіттері де , Жалайырдың тойдағы игі жақсылары да Шыңғытың аты аталған соң Пышанды «енді қой» десіп орнынан тұрғызыпты. Сондағы Пышаның түрегеліп тұрып айтқаны:
- Cөзіңді өзің айтқан қайталайын,
Ауылыңа қонақ болып жайланайын.
Бабаны айтып қалдық, енді қойдым
Шыңғыстың әруағынан айналайын!
Сөйтсе бұл екі қыз Шыңғыстың тікелей ұрпағы болып келетін Құсбек, Жүнісбектің тұқымы екен. Осы екі ақын қызға арнап Пышан «Әшіркүл, Зейнеп» деген ән шығарған. Кейін осы әнді комазитор Евгений Брусиловский жазып алып «Жалбыр» операсына кіргізіпті. Қазақтың өз атасынан басқаның әруағына сиынбайтынын әркім – ақ білетін шығар. Шың – Құз Темірдің Лақап аты екенін осы айтыс та айғақтап тұр.
Шыңғыстан тараған хандар шежіресі.
1. Шыңғыс ұлы қаған 1206 – 1227
2. Үкітай ұлы қаған 1229 – 1241
Аралықтағы билікте Үкітайдың жесірі меркіт қызы Тұрақан болды.
3. Күйік ұлы қаған 1246 – 1248
4. Мөңке төле ұлы 1249 – 1259
Салыстыру үшін, Атақты Албан р. Батыры Сырымбет ұлы Хангелді бір ұлының аты Мөңке – тұрсын болған.
Мөңке қағаннан кейін Шыңғыс ұлысы бір – біріне тәуелсіз хандықтарға ыдырайды. 1269 жылы Үкітайдың немересі Хайду ханның жетекшілігімен Талас бойында құрылтай өтеді. Осы атақты Талас құрылтайында Шағатай, Үкітай, Жошы ұлыстары Қарақорымдағы Төле әулетіне тәуелсіз болуға келісім – шарт қабылдайды.
Нәтижесінде тәуелсіз ірі төрт хандық орнайды.
1. Жошы ұлысы (Алтын Орда)
2. Шағатай ұлысы (Моғолстан)
3. Иран, Ирактағы Елхандар ұлысы.
4. Мәңгіел (Юань) ұлысы.
Юань ұлысы, Төле тұқымы.
1. Құбылай хан 1260 – 1295
2. Темір 1295 – 1307
3. Қайсар Құтлық 1307 – 1311
4. Буынты 1311 – 1320
5. Шәдібала 1320 – 1323
6. Есен – Темір 1323 – 1328
7. Құтықты 1328 – 1329
8. Түп – Темір 1329 – 1332
9. Іле – Жебе 1332 – 1332
10. Тоған – Темір - 1370
П. В. Шкуриннің мәліметі бойынша. Осы әулеттегі белгілі 10 ханның ішінде Темір есімі 4 рет кездеседі. Бұл бекер емес екенін әркім де түсінеді. Егер Шыңғыс бабасының шын аты Темужін болса олар да Темужін деп аталар еді.
Жошы ұлысы, Бату тұқымы.
1. Бату хан 1227 – 1256
2. Сартақ - 1256
3. Берке 1256 – 1266
4. Мөңке – темір 1266 – 1280
5. Тоды – Моңке 1280 – 1288
6. Төле – бұқа 1288 – 1290
7. Тоқты 1290 – 1312
8. Өзбек 1312 – 1340
9. Жәнібек 1340 – 1357
10. Бердібек 1357 – 1359
11. 12. Құлпы, Наурыз - 1359.
Жошы ұлысы , Орда – Ежен тұқымы:
1. Тоқтамыс 1376 - 1395
2. Құйыршық - 1395
3. Темір Құтлық 1395 - 1400
4. Жәдік 1400 - 1408
5. Барақ 1424 - 1428
6. Кіші Мұхаммед 1428 - 1460
7. Ахмет хан 1460 - 1481
Ахмет Алтын Орданың соңғы ханы.1474 жылдан бастап Ахметке қарсы одақ құрылады. Осы одаққа Иван Грозный , Шайбан тұқымы Ибақ , қырым ханы Меңлі керей , касимовка ханы Нұрдаулет , Ноғай мырзалары Едігенің тұқымы Мұса мен Жаңбыршы қатысады . Иван 3ке қарсы жасаған 1480 жылғы нәтижесіз жорықтан кейін Ахмет хан әскерін таратып (қыс кезі) ордасында жатқанда Ибақ 1000 қазақпен , Мұса мен Жаңбыршы 15000 қазақпен шабуыл жасап орданы ойрандап Ахмет ханды өлтіреді. Танауынан арғыны көрмейтін хансымақтар осылайша Алтын орданың түбіне жетті. Иван 3 қалғандарын жекелеп соқты . Кейін бүткіл қазақ халқының басына орнаған отарлық езгінің алғы шарты осылай жасалды.
Иран , Ирактағы Елхандар әулеті . Төле тұқымы.
1256 - 1353
1. Құлағу (Әлеуке) 1256 - 1265
2. Абақ 1265 - 1282
3. Ахмет (сұлтанахмет) 1282 - 1284
4. Арғын 1284 - 1291
5. Кейқуат 1291 - 1295
6. Қазан 1295 - 1304
7. Ұлжайту 1304 -
. . . Тоға темір - 1353
Шағатай ұлысы.
1. Шағатай хан 1227 - 1242
2. Алғұй - немересі
3. Есенту бір адам 1265 - 1271
Барақ болуы мүмкін
4. Қайду (Үкітай тұқымы) 1271 - 1310
5. Тұуа (Шағатайдың шөбересі) 1310 - 1318
Тұуа Шағатай ұлысын күшейтуге көп еңбек сіңірген адам.
6. Кебек 1318 - 1326
7. Тармашырын 1326 - 1334
Ислам дінін Шағатай ұлысында мемлекеттік дін жасады .
Моғалыстан хандығы .
1. Тулы - Темір хан 1348 - 1364
Тұуаның немересі
2. Ілияс қожа
3. Қызыр қожа 1389 - 1399
4. Шаки Жаhан , Мухаммед оғлан , Шерғали хан , Шаh Жаhан
5. Уайіс хан 1418 - 1421
6. Шермухамед 1425 - 1428
7. Есенбұға хан 1434 - 1462
8. Жүніс хан 1462 - 1487
9. Сейіт хан
10. Абдірашид хан 14.. - 1500
тек Қашқарияға ғана билік жүргізген . М.Х.Дулати атамыздың «Тарихи Рашиди» кітабы осы ханның құрметіне арналып жазылған.
Жоғарыда келтірілген әулеттердің хан есімдерінің ішінен қалмақ – монғол есімін күндіз шам алып іздесең де таба алмайсың , бәрі де қазақ есімдері. Жеріне жеткізіп дәлелдеді деген осындай - ақ болар.
Өзбек ұлысы хандары. Тоқай – Темір тұқымы.
1. Жошы хан
2. Тоқай – Темір (13 – ұлы )
3. Өз – Темір
4. Абай (3 – ұлы)
5. Томған
6. Құтлық
7. Темір сұлтан
8. Мухаммед
9. Шуақ
10. Нұрмухаммед
11. Абділғазиз – Бұхара ханы 1654 – 1680
12. Хысырау
13. Сүбі ханқұлы – Балх ханы.
Қожамқұлы бектің «Тарихи –Қыпшақ » шежіресі бойынша бұл әулет – Аштархан әулеті деп аталады, олар 1598 жылдан кейін Шайбан әулетін Орта Азиядан ығыстырады. Абділғазиз ханның тұсында көшпелі өзбектер, қазақтар, қара – қалпақтар құрылтай өткізіп бірігеді. Олар 2 лек (200 мың) әскер шығарып Балх өлкесіне келеді. Ұлы моғол империясының шаһы Аурензеб 1 лек әскермен келеді. Өзбек, қазақтар жеңіп Балх өлкесі Өзбектерге өтеді.
Өзбек хандары, Шайбан тұқымы.
1. Жошы хан
2. Шайбан (5 - ұлы)
3. Баһадур (Ноғай)
4. Жошы бұғы
5. Бадақұл
6. Мың темір
7. Болат
8. Ибрагим, Арабшах
9. Қызыр
10. Даулетшайық
11. Әбілхайыр хан 1428 – 1468 көшпелі Өзбектер хандығын құрған. Қазыбек бек жалайыр Әбілхайыр хан дейді.
12. Шахбұтақ
13. Мухаммед – Шайбани хан – Қасымханмен соғысқан.
14. Абдолла хан
Қазақ ұлысы хандары.
1. Жошы хан
2. Тоқай Темір (13 - ұлы)
3. Өз Темір
4. Қожа
5. Бабақұл оғлан
6. Орыс хан – Ақ орда ханы
7. Құйыршық хан – Алтын, Ақ орда ханы
8. Барақ хан - Алтын, Ақ орда ханы
9. Әбусағит (Жәнібек хан) – қазақ хандығын құрған.
10. Қасым хан
11. Шығай хан
12. Тәуекел хан
13. Есім хан
14. Жәңгір хан
15. Тәуке хан .....
Р.б. Тізімдерде жеке адамдар болмауы да мумкін.
Қазақ халқынан (Ордалықтардан) шыққан орыс елінің атақты адамдары.
1. Орыс патшалары Борис Годунов пен Иван Грозный Алтын Орда хандарына жиен болған.
2. 1812 жылғы Отан соғысының батырлары М. И. Кутузов пен Денис Давыдов.
3. Княздар Урусовтар мен Кантемеровтар, мырза Беклемишев т.б.
4. Алғаш рет Ресей тарихын жазған Н. Карамзин.
5. Ғалымдар мен жазушылар: Вельяминов – Зернов, Менделеев, Достаевский, Тургенев, Державин, Бекетов, Шереметьев, Л. Гумилев т.б.
6. Көптеген атақты адмиралдар мен генералдар шыққан.
Өз кітабында Н. Карамзин былай деп жазған: - Нашествие Батыево, кучи Пепла и трупов, неволя, рабство столь долговременное составляет конечно одно из величайших бедствий..... Однако же и благотворное следствия оного несомнительны..... Могло пройти еще сто лет и более в княжеских междуусобицах : чем закончилось бы оные? Вероятно погибелью нашего отечество : Лиова, Польша, Венгрия, Швеция могли бы разделить оное. Тогда мы утратили бы и государственное бытие и веру, которые спаслись Москвою: Москва же обязана своим величием ордынским ханам.
Қазақ ішіндегі Шыңғыс тұқымдарына байланысты сөздер.
1. «Шағатайсың ба?» - мінезі шарт, тез ашуланатын адамға айтылатын теңеу. Ұлы жүз ішінде ғана қолданылады. Шағатай хан осындай адам болған екен, және Ұлы жүз рулары Шағатай ұлысында болған. «Шағатай кеселді әрі долы ғой» - Шыңғыстың сөзі 243 – тарау. «Құпия шежіре».
2. «Нар мойыны кесілген күн, хан Бердібек өлген күн». – кіші жүзде тараған мәтел сөз. Хан Бердібектің өлімімен бірге Бату тұқымы Алтын Орда тағынан біржолата кетеді. Билік Жошының басқа балаларынан тараған әулеттерге өтеді.
3. Еділ қатса кім өтпес
Едіге өлсе кім кетпес –
бұл сөзді кезінде тоқтамыс ханның нөкері болған атақты Едіге би өлгенде тоқтамыс ханның баласы Қадырберді айтқан екен.
Шыңғыс хан кезіндегі және кейінгі қазақ салт – дәстүрінің сәйкес келуі.
1. Босағаны баспау ырымы.
Шыңғыс ордасында және кейінгі ұлы хандар ордаларында ордаға кіретін есікте екі адам кезекші тұрған, олар тек кіргендердің босағаны баспауын қадағалаған. Босағаны басқан адам жаза алған. Не киімін шешіп алған немесе бірнеше дүре соққан. Бұл туралы Марко Поло және басқалары жазып кеткен.
- Қазірге дейінгі қазақ салты. Босағаны басуға, тұруға болмайды, керегені, есікті керме дейді.
2. Қазақ арбалар. Шыңғыс ұлысындағы қазақ тайпалары жүк арбаларымен бірге жабық арбаларды (күйме) көп қолданған. Шыңғыс ханның өзінің де 22 өгіз жегілетін жорық арбасы болған. П. Карпини, Г.Рубрук, М.Поло т.б. саяхатшылар арбалар туралы көп жазған.
- Қазақ ру – тайпалары түрік қағанаты кезінде де, кейінгі замандарда да арбаларды және жабық арбаларды көп қолданған. 1509 жылғы Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына жасаған кезекті жорығында тек Жаныс сұлтаннаң ұлысынан ғана 10 мың жабық арба олжа түсірген.
3. Шыңғыс кезіндегі тәңірлік діндегі ас беру мен құрбандық шалудың кейінгі заманнан еш айырмашылығы жоқ. Тек
мұсылман діні ғана өз әсерін тигізген. Мысалы бұрын қабірге жылқыны бірге көметін болса кейін бұл салт шариғатқа тура келмейтін болғандықтан тоқтатылып, орнына шашу есебінде күміс ақша т.б. қолданылатын болды.
4. Темірдің (Шыңғыстың) «Құпия шежіре» бойынша Бұрхан тауының басына шығып, бас киімін алып, белбеуін мойнына салып шығып келе жатқан күнге қарап 9 рет тәу етуі (тағзым жасауы).
- Осы салт сонау көне үйсін, ғұн, түркі заманынан осы кезге дейін күнге, тәңірге, басқа жағдайларда да қазақ ішінде қолданылып келді. Осы арқылы қазақтар тәңірге деген құрметін білдіріп тілеу тілеген немесе біреуден кешірім сұраған. Немересі Акбар қатты ауырып өлім аузында жатқан кезде Ұлы Моғал әміршісі Бабыр шах тәңірге тәу етіп бас киімін шешіп, белбеуін мойнына салып Акбарды үш рет айналып шығып алладан немересінің орнына өзін алуды сұрайды. Үш күннен соң Акбар жазылып, Бабыр 53 жасында дүниеден өтеді.
5. Жошы хан құлан аулап жүріп қайтыс болғанда Найман Кет Бұға жырау Шыңғысқа өлеңмен естіртеді. Кет Бұға – жырау және қолбасшы, Елхан Құлағудың әскерін басқарып Египет сұлтаны мемлук Құтызбен Аин – Желуд түбінде болған соғыста қаза тапқан.
Кет Бұға:
Теңіз бастан былғанды –
Кім тұндырар ей ханым?
Терек түптен жығылды –
Кім тұрғызар ей ханым !
Шыңғыс:
Теңіз бастан былғанса,
Тұндырар ұлым Жошы дүр.
Терек түптен жығылса,
Тұрғызар ұлым Жошы дүр.
Сол кезде Кет Бұға алғашқы айтқанын қайталап айтады, бірақ көзінен жасы сорғалап отырып айтады.
Шыңғыс:
Көзің жасын жүгіртеді,
Көңілің тұлды болмай ма?
Жырың көңіл үркітед,
Жошы өлді болғай ма?
Кет Бұға:
Сөйлемекке еркім жоқ
Сен сөйледің ей ханым!
Өз жарлығың өзіңе жөн,
Не ойладың ей ханым!
Шыңғыс:
Құлынын алған құландай
Құлынымнан айрылдым
Айрылысқан аққудай
Ер ұлымнан айрылдым!
- деп жылап жіберген екен.
6. Плано Карпинидің еңбегінде жазылғандай татарлар (қазақтар деп біліңіз) өлген адамның асына неғұрлым көп мал сойылса, марқұмның аруағы риза болады деп білген. Кеңес өкіметіне дейін қазақтарда солай болып та келді. Мыңдап жылқы сойылған үлкен астар да болған.
Ал қалмақ – моңғолдар өлген адамын ит – құс жесін деп далаға апарып тастайтын. Шыңғыс та, кейінгі Ұлы хандар да құпия жерленген және де ескі қазақ салты бойынша.
7. Қайтыс болған адамның киіз үйін отпен тазартқан. Қазір де отпен аластайды.
8. Қазақтар жайлауға көшерде екі үлкен от жағып жылқыдан басқа малдарын аластаған. Ерте кезде шет елдің елшілерін де отпен аластаған. Түркі қағанатында және Шыңғыс ұлысында осы салт орындалған.
- 1218 жылы Жебе ноян Баласағұн қаласы ұрыссыз берілгендіктен – Го балық – деп атаған (жақсы қала), балық – ескі түрік тілінде бекіністі қала деген сөз.
- 1219 жылы Зернук қаласы да ұрыссыз берілгендіктен – Құтлық балық деп аталған (құтты қала). Ал Пекин – Ханбалық деп аталған. Нишапур қаласын алған ұрыстарда Шыңғыстың күйеу баласы Тоғышар мен немересі Мутуген оққа ұшады. Сол үшін Нишапурды қиратып, орнын тегістеп – Мау балық (жаман қала) деп атаған. Қазірге дейін тілімізде Маубас деген сөз қолданылады.
- Шағатай тілі – Шағатай ұлысында қолданылған түрік (ескі қазақ) тілі, кейінірек Орта Азиядағы барлық түркі халықтарына ортақ әдеби тілге айналды. Парсы, араб сөздері көп қолданылады, сол кезден бастап араб, парсы сөздері қазақ тіліне көптеп кіре бастады. Сол себептен қазақтың күнделікті тұрмыстық тілі мен әдеби тілінің арасында ешбір айырма жоқ. Мысалға ұйғырдың жай тілі мен әдеби тілінің арасында үлкен айырма бар.
- 1359 жылы әмір Болатшы дулат Тұғлық Темір ханнан (Моғолстан ханы) моғал (қазақ) тілінде, моғал әріптерімен жазылған мадақтама (грамота) алады. Моғал әріптері деген сөз – бұл жерде екі жазу үлгісі болуы мүмкін.
1 – Орхан немесе көне түркі жазуы.
2 – ұйғыр – соғды жазуы.
Орхон жазуы Бабыр заманына дейін қолданылып келеді, Бабыр жазуы деп те аталды. Соғды жазуы негізінде шыққан ұйғыр жазуы Алтын Ордада араб жазуымен бірге қолданыста болған. Ұлы Моғалдар империясын құрған Бабыр шах ескі түрік жазуы негізінде альфавит жасауға тырысқан, бірақ ол араб жазуын ығыстыра алмады. Жазу кезінде Сығанақ жазуы деп те аталған. Осы туралы Бабырдың өзі жазған өлеңі сақталған:
- Түріктерге бұйырмады – ау
Өз жазуы киелі
Бабыр хаты бөтен емес
Сығанақтың сыйы еді!
- 14 – 15 ғасырлардағы жазба деректерде өзбек, өзбек – қазақ, моғал атаулары қазақ елесімінің орнына жүрген.
- Орыс ғалымы Н. Аристов Орхан – Енисей жазуын з ерттеп, оның алфавиттік 38 белгісінің 29 – ы түрік тайпаларының
таңбалары екендігін анықтаған.
- Керей тайпасының ханы Марқұз (несториан дініндегі аты – Марк) өз кезінде Монголия үстіртіндегі барлық көшпелі түрік – қазақ тайпаларына билік жүргізген. 12 – ғасырдың 50 – жылдары татарларға құдалыққа барғанда, татарлар сатқындықпен тұтқынға алып, Шүршіт (Цзинь) империясына береді, шүршіттер ханды ағашқа шегелеп өлтіреді.
«Құпия шежіреде» Әмбағай хан деп берілген, бұл шежіренің қате немесе әдейі бұрмаланған жері. Марқұздан екі ұл қалған.
1. Құршақұс (Бұйрық хан)
2. Хутула гурхан.
Құршақұстың ұлы Тоғырыл хан, Ашамайлы керей тайпасының ханы 1182 жылы Шүршіттердің Алтын хандығы оған Уаң (қытайша – князь) атағын береді. Содан Уаң – хан аталады. Есугей батырмен анда, Темірдің (Шыңғыстың) өкіл әкесі болған.
- 1253 жылы Ұлы хан Мөңкенің кезінде құрылтай өткізіліп Қытайды (оңтүстігін) жаулап алуды аяқтау үшін Мөңкенің інісі Құбылайға – қыпшақ және аландардан (осетин) тұратын армия беріледі. Мөңкенің екінші інісу Хулағу (Әлеуке) ханға Иран, Ирак, Сирияны бағындыру ісі жүктеліп – ұйғырлар,тибеттіктер, мен қытайлардан құрылған армия беріледі. Хулағу әскерлерінің Египет мемлүктерінен жеңілуінің бір себебі де осында. Лев Гумилев «Қиял патшалығын іздеу».
- «Құпия шежіренің» 147 тарауында тарақтылармен болған соңғы ұрыста Темір ханға жебе тиіп жараланады. Ұрыс біткеннен кейін ханды атып жаралаған тарақтының мергенін ханның алдына әкеледі. Мерген шындықты айтқан соң темір хан – «Жау жағының адамы істеген зұлымдығын жасырушы еді, ал сен жасырмай айтып отырсың. Мұндай адаммен дос болуға болар. Сенің Зұрғадай (дұрысында Жырғатай) атыңды өзгертіп, соғыста мінген құла атымның мойнын садақ жебесімен жаралағандықтан саған Жебе деген ат берейін, жанымда болып жебеден сақта» - дейді.
Қалмақ – Моңғол тілінде садақ жебесін – харвуул дейді, ендеше Шыңғыстың таза қазақ тілінде сөйлегені осыдан көрініп тұр. Жебе – Жырғатай мергеннің лақап аты. Ертеде қазақ хандарының бәрінің лақап аты болған. Өз атымен бірге Лақап аты бірге жүрген. Мысалға Темір аты аталмай – Шыңғыс аты дүниеге жария болды.
Бату хан – Сайын хан
Күйік хан – Далай хан
Әбілмансұр – Абылай хан
Әбусағит – Жәнібек хан
Теміке (Шыңғыстың інісі) – Отшы ноян.
- «Құпия шежіренің» 197 – тарауында Меркіттің Обас руының биі Дойыр – Үйсін қызы Құланды (Кулян) Шыңғысқа береді. Қазыбек бек бойынша шын аты Керім, Лақап аты Ер – үйсін, Абақтан таралғандықтан солай аталған.
- 207 – тарауда Қоршы ноянға 3 мың түтін Барын руын және шонас, төлес, төлеңгіт руларын – барлығы 10 мың түтін береді. Бәрі де қазақ – түрік рулары.
- 230 – тарауда күзет бастықтарын Бүкедей, Есентай деп жазады, олардың шын есімі Бекентай, Есентай екені көрініп тұр.
- 274 – тарауда – Қаңлы, Қыпшақ, Бажігітті бағындырды деген. Дұрысында Быжанақ (Печенег – қара – қалпақ) болуы керек еді.
- Кезектен (орда күзетіндегі таңдаулы жауынгерлер). Басқа тарихи еңбектерде кезектен, ал «Құпия шежіреде» - Хишигтен деп жазылады. Бұл қазақ сөзінің бұрмаланған түрі, себебі Хишиг – қалмақ – моңғол тілінде несібе деген сөз.
Кезектен – кезек сөзінен туындаған сөз, орда күзеті кезекпен жұмыс істеген.
- Ватиканда Куйік қағанның папа Иннокентий 4 жазған хаты сақталған. Хаттың алғашқы екі жолы ескі түркі (ескі қазақ) тілінде қалған негізгі бөлігі парсы тілінде жазылған:
«Көктегі мәңгілік тәңірге сиынып, ұлы халықтың Ұлы ханы – Далайхан бұйырамыз!
- - - - - парсы тілінде - - - -
644 жыл, жұма, Әл – ахир, соңғы апта.
Бізге керектісі Шыңғыс ұлысында қандай календарь қолданылғаны.
Кезінде Шыңғыс ұлыстарының құрамында болған ондаған халықтардың тілдерінде күн аттарының бірдей болуы апта есебін бүткіл империя жерінде Ұлы хан жарлығы бойынша жүргізілгенін дәлелдейді. Күн аттары Вавилон – Парсы календары бойынша есептелген:
Парсы Қазақша Қалмақ – моңғол
1. шембе сенбі ням
2. иек + шембе жексенбі даваа
3. дө + шембе дүйсенбі мягмар
4. се + шембе сейсенбі лхагва
5. чехар + шембе сәрсенбі пурэф
6. пендж + шембе бейсенбі баасан
7. джома жұма бямба.
Кестеден көрініп тұрғаны Қалмақ – моңғол халқы Ұлы хан календарын еш уақытта қолданбаған. Егер Шыңғыс моңғол болса, оның ұлы Күйік хаттың алғашқы екі жолын моңғол тілінде жазып, бямба деп аяқтар еді.
- Қазіргі Монголия мемлекетінде Алтай, Қобда, Қарақорым, Орхан, Керіөлең т.б. да түрік – қазақ тіліндегі 500 – дей жер – cу атаулары сақталған.
- Тарихта алғаш жазылған Н. Карамзиннің «История Российского государство» - деген үш томдық еңбегінде Монгол емес, тек қана Моғал елесімі қолданылады. Бұл еңбекті оқымаған адамның қазақ тарихын жазуы қиындау, себебі: Алтын Орда мен орыс тарихы араласып жатыр.
- Билік лауазымдары атаулары түрік – қазақ халқында ерте кезден қалыптасқан. Мысалға 552 жылы түркі қағаны Бумын
(тұман) «Елхан» атағын алады, ал 13 – ғасырда Иран, Иракты билеген Хулағу хан да «Елхан» атағын иеленген. Бұл әулет кейін Елхандар әулеті деп аталды. Латынның – империум – деген сөзінің баламасы.
Гүрхан – дәрежесі одан төмен болған, ол тайпалар бірлестігінің (конфедерация) басшысы. Гүрхан лауазымын Керей ханы Марқұздың ұлы Хутула, қарақытай тайпасынан шыққан Елюй Дашының әулеті иеленген. Шыңғыстың қарсыласы әрі туысы жалайыр Жамұқа шешен де гүрхан атағын алған. Темір де басында, Шыңғыс атағын алмай тұрғанда гүрхан аталған, бұл дерек «Құпия шежіреде» келтіріледі. Кейбір ғалымдар Елхан дәрежесін арабтың Иль – деген сөзінен шығармақ болады, бұл қате пікір.
- Л.Гумилев атап көрсеткендей 6 – ғасырда түркілер сол кездегі әлемнің жартысының қожасына айналды. Ал 13 – 14 ғасырларда Шыңғыс тұқымдары әлемнің үштен екі бөлігіне иелік етті.
- 568 жылы Византия елшісі Земарх түркі қағанының қабылдауында болғанда бақсылар оны атпен тазартып, аластаған. 13 - ғасырда Шыңғыс ханның мұрагерлері де Ордаға келген орыс княздарын отпен тазартып (аластап) барып қабылдаған. Кейбір қазақ ғалымдары қазақ бақсыларын шаман деп атайды. Шаман діні политеистік, ал тәңірі діні монотеистік дін. Ертеде қазақ ру – тайпалары Тәңірі дінін, несториан діні мен ислам дінін ұстаған. Сібірдің ұсақ халықтарына таралған Шаманизм қазақ халқында болған емес. Шоқан жазды екен деп шаман дінін қазаққа жапсыру дұрыс емес.
- Тарихшы Мухаммед Хайдар Дулати өз кітабында – дулаттар Шыңғыс хан руымен туыстас деп жазған.
Дулаттар – Абақ тұқымы
Шыңғыс – Тарақ тұқымы
Абақ, Тарақ бір туған, бір
әкенің баласы, мұны ешкім де
жоққа шығара алмайды.
- «Бабырнама» 1520 жылы Шағатай (ескі моғал немесе қазақ) тілінде жазылған. Ақбар шахтың кезінде (1556 – 1609) парсы тіліне аударылып біздің заманға жетті. Қазіргі қазақ ғалымдары әлі күнге дейін Моғал мен Монғолды шатастырады. Ұлы Моғалдарды – Ұлы Монғол империясы – деп те жазып жүргендер бар.
- Ресей империясы күшейген соң басқа елдерді жаулап алуға жұмсаған уақыты:
1. Қазан хандығын – 10 жыл
2. Астрахан хандығын – 4 жыл
3. Сібір хандығын – 16 жыл
4. Кавказды алуға – 47 жыл
5. Орта Азиядағы 3 ханндыққа – 3 жыл
6. Қазақ елін жаулау Ермактың тұсында 1582 жылы басталып, 1864 жылы Шығыс Түркістанды алумен 282 жылға созылыпты.
- 16 – ғасырда Рүзбехан былай деп жазған: Өзбектерге үш халық жатады.
1. Шайбан тұқымына қарасты рулар (өзбектер).
2. Керей мен Жәнібекке қараған рулар (қазақтар).
3. Аштарханды мекендейтін маңғыттар (ноғайлар)
- Тюрколог А. Вамбери : «Қазақ» елесімі 9 – ғасырда бүкіл әлемге белгілі болды.
И. А. Левшин: - қазақтар біздің заманның алғашқы ғасырларында – ақ мықты әрі дербес халық болып қалыптасқан.
Қазақ тарихын 15 – ғасырдан ары апарғысы келмейтін ғалымдар осылардан артық біле ме екен?
- Орта ғасырлардағы Баласағұн қаласы кейін қазақ хандығы кезінде Құз Орда аталды, ал Сақ дәуірі кезінде Ханбалық аталған. Құбылай ханның кезінде Пекин де Ханбалық деп аталған. Осылар бекер сәйкестік пе?
- Ресейдегі Тува республикасы кеңес өкіметінің алғашқы 10 жылында Ұранқай деп аталған. Ал Монғолиядағы ұранқайлар өздерін тоба деп атайды, түріктің ескі тілімен сөйлейді.
- «Алтын Тобчи (Алтын шежіре) » - толық аты «Хандардың тегі туралы алтын шежіре». 17 – ғасырда жазылған, авторы белгісіз. Л. Гумилевтің пікірінше дәлдігі нашар «Құпия шежіренің» көшірмесі.
- Н. Аристов қоңыраттарды ежелгі қият тайпасы деп есептеген. Қият пен қоңыраттар туыс тайпалар болуы әбден мүмкін.
- Шыңғыс ханның Солтүстік Қытайдағы Шүршіт (Цзинь) империясына қарсы соғысқа шығар алдындағы Төбеге шығып, белдігін мойнына салып шекпеннің бауларын ағытып және тізерлеп отырып оқыған намазының мәтіні :
- «О, мәңгілік Тәңірім, Алтын ханның дұшпандықты бастағанын сен білесің, әрі көріп отырсың. Мен төгілген қан үшін құн төлетіп, кек алуды көздеушімін. Сен маған жоғарыдан күшің мен жеңімпаздығыңды жібер, маған періштелер, адамдар, перілер мен ғажайыптар (араб сөзі) жәрдемдессін деп бұйыр».
Рашид – ад – Дин «Шежірелер жинағы» 1 том М – Л. 1952 жыл.
Белдігін мойнына салу – кешірім сұрағанда немесе тәңірден тілек тілегенде қолданылатын ескі қазақ салты.
- 6 – ғасырда құрылған Ұлы түркі қағандығын, түркілердің өздері – Мәңгілік ел – деп атады. «Л. Гумилев».
13 – ғасырда Қытайда құрған мемлекеттік Құбылай хан да басында Мәңгілік ел деп атады, 1271 жылдан кейін Юань деп аталды.
- Шапырашты – Ыстықтың Дөйіл тұқымынан тарайтын Барын, Шорастар Масаншы тайшының қазаққа шабуылы кезінде ойраттарға өтіп кетіп қайтпай қалды «Қазыбек бек».
- Иван Грозный қият Мамай ханға немере болып келеді, ал Мамай Бердібек ханның күйеу баласы. Хан тұқымы емес, билікті Заңсыз алған.
- Борис Годунов патша мен Вельяминов – Зерновтар жалайырдан шыққан Көтен мырзаның ұрпағы. Н. Карамзин мен Татищевтер Алтын Орда бектерінің тұқымы.
- 1269 жылы Талас өзенінің жағасында әйгілі талас құрылтайы өтеді. Жошы, Үкітай, Шағатай ұлыстары Қарақорымдағы Төле әулетіне тәуелсіз болуға келісім шарт қабылдайды. 1259 жылы ұлы хан Мөңке қайтыс болған соң ұлы хан сайланбады. Төле тұқымдары Құбылай мен Арық – Бұғының билікке тартысын талас құрылтайын ұйымдастырғандар өз пайдасына жаратты. Талас құрылтайы Үкітайдың немересі Қайду ханның жетекшілігімен өтеді.
- Орыс ғалымы В. Радловтың зерттеуі бойынша қазақ тіліне ең жақын тілдерге:
1. Тобыл татарлары тілі
2. Барабы татарлары тілі
3. Төлеуіт тілі жатады.
Төлеуіт ішінде төре, меркіт, ақтұмат, қаратұмат, қыпшақ, найман т.б. қазақ рулары бар.
Шыңғыс ханға дейін қазақ ру – тайпалары араласпай жеке өмір сүрсе, Шыңғыс реформаларынан кейін дорба ішіндегі тарыдай араласып кетті.
- Ноғай ордасының рулары: Маңғыт, қоңырат, қыпшақ, найман, қаңлы, қият, кенегес, керей, арғын, үйсін, шырын т.б.
- Кеңес ғалымы А. А. Петросян «История народа и его эпос» деген монографиясында М. 1982 жыл – ол қалмақтың «Жәңгір», буряттың «Гэсер» эпостарындағы бас қаһарманның түп тұлғасы (прототип) Шыңғыс хан деп қате түсінушіліктің орын алғанын ескертеді. Яғни Шыңғыс шежіресіне бурят пен қалмақ – моңғолдың еш қатысы жоқ деген сөз.
- 1600 жылдары «Жылнамалар жинағы» кітабын жазған Қыдырғали би қосымұлы жалайыр тайпасының тарақты руынан шыққан. Осыны өз кітабында жазып кеткен.
- 1580 жылдары Қазақ хандығын билеген Ақназар ханның - Маңғытай, Дінмұхамед, Тыным, Құбылай деген ұлдары болған. Біреусіне Юань империясының негізін салған Құбылай ханның есімін қойған.
- Маңғыт тайпасының көсемі Құлдар мен Ұрғыт тайпасының көсемі Жаршы туралы. Құлдар ноян ұрыста алған жарақатынан қайтыс болып, екі тайпаны да Жаршы ноян билейді. Жаршыны «Шыңғыс хан» сериялында ЖОШЫР – деп, «Құпия шежіреде» - Жаршиудай – деп атайды, бұл есім не қазақта, не моңғолда жоқ. Екі тайпа кейін бір тайпа Маңғытқа айналған секілді. 16 – 15 ғасырларда олар осы атымен Хорезм мен Алтын Орда ұлысында өмір сүрді. Жаршы, Құлдар, таза қазақы есім. Есудар, Гүлдар, Жандар, қазір де бар есімдер.
- Қытай шығарған «Шыңғыс хан» сериясында Шыңғыс әскерлерінің туларына тарақ таңбасы салынған, ал жауын – герлердің сауытындағы шарайнаға не тарақ таңба немесе бөрібасы салынған. Бұлар таза қазақ таңбалары.
Тарақ – жалайыр таңбасы
Бөрібасы – жалпы ұлы жүз, моғал руларының таңбасы.
- Шыңғыс хан ұлысы 1206 жылдан соң Гүр елі деп аталған, «Құпия шежіренің» 203 – тарауында айтылады. Гүр елі – тайпалар бірлестігі деген сөз.
- Осы сериялда да көп қателіктер орын алған. Бір адамды алғашқы серияларында Дайыр Үйсін (Дойыр үйсін) десе, 15 – сериясында Ерүсін (Ер үйсін) деп атайды. Бұл кептің жауабы Қазыбек бектің кітабында өте анық жазылған.
- 15 – сериясында Шыңғыс ханның айтқан сөзі: - «Керей мен Мұңғыл бір арбаның екі тертесі іспеттес, біреуі сынса арба жүрмей қалады».
Егер де Моңғолдың орнына Моғал елесімі қойылса бәрі орнына келеді. Керей де Моғал да Арыстан тараған соң айтылған. Керей тайпасы мен Қалмақ – Моңғолдың арасында еш жақындық жоқ.
- Cериялдан: «Осы отырған бәріміз де мұңғылмыз» - Алтын, Құшар, Дәрітай мен бірге отырғандағы айтқан Жамұқаның сөзі. Дұрысында – «бәріміз де жалайырмыз» - деп айтқан шығар, себебі орақтылар мен жазықты ғана отыр.
-
- «Құпия шежіредегі» үш рет серттескен екі туыс туралы. Жалайыр Жамұқа мен қият Шыңғыстың туыс екендігі жазылған. Шындықты орнына қояр болсақ біреуі орақты, екіншісі жазықты екеуі де жалайыр, туыс емей немене? Қият пен Жалайыр арасында жақын туыстық жоқ.
- Жазушы Мұхтар Мағауин Орта ғасыр кезіндегі қазақ жүздерінің шаш қою рәсімін жазған:
1. Ұлы жүз рулары – шаштарын тықырлап алдырған.
2. Орта жүз бен Моғалдар – кекіл қойған Қытай шығарған «Шыңғыс хан» сериалында кекіл қойғандары дұрыс көрсетілген.
3. Кіші жүз қазақтары (Қыпшақ рулары) – айдар қойған.
Ал Ойрат – қалмақ – моңғолдар ұзын бұрым жіберген. Ойрат Құдығы бек дәл осылай көрсетілген.
- «Құпия шежіренің» 216 – тарауында Шыңғыс хан Үсен шалға – моңғол елінің Барын ұрқы деп тіл қатады. Барын, Шонас – ұлы жүз Моғал тайпалары екендігі тарихта хатталған. Егер Моңғолдың орнына – Моғал елесімі қойылса орнына келеді.
- Орыс әскері ғалымдарының еңбектерінде көрсетілгендей ойрат-қалмақ қылыштары –Сулите деп аталады, қазақ,орыс
Қылыштары секілді қайқы емес түзу болады ұзындығы 80 см. Қазақ , орыс қылыштарының ұзындығы 100 см дейін болады. Орыс атты әскерінде ордалықтардың көп болғанын және олардың қару – жарағын ; садақ , қылыш т.б. кейінгі орыс
әскері қабылдағанын ескерсек бұл түсінікті болады . Қазіргі тарихшылардың еңбектеріне – « кривой Монголской саблей » -деген тіркес жиі кездеседі. Ұқыпсыздық па әлде сауатсыздық па?
«Құпия шежіредегі» аудармалар кезінде бұрмаланған жер – су аттары.
Шу өзені – Шүй 198 – тарау Сарыкөл (қытайдағы) – Сәрікғұң 237 – тарау.
Хинган тауы - Кенған
Инд өзені - Шің
Ауыр уық ордасы – Аурақ орда 271 – тарау.
Көп көшірме мен аудармалардан соң «Құпия шежіреде» адам аттары да мейлінше бұрмаланған;
Нағыз аты жөні «Құпия шежіреде»
Өлең - Оэлун , Ұлың, Уәлін, Үжін
Қайсар - Хасар
Тарғытай қырқылдақ - Тарғутай Кирилтух
Үкітай - Үгедей (Өгедей 258 - тарау)
Белгітай - Белгудэй
Мұқалы - Мұқылай , Мұхали
Белгібек - Белгибеке
Бауыршы - Буыршы , Боршы
Қоршы - Хорчи
Жырғатай - Зұрғадай , Жырғынқадай
Қадан - Хатқын
Күлән - Хулан , Құлан
Қашын - Қашуын
Жолшы(Жошы) - Джучи
Құлдар - Құйылдар
Ная (Найа) - Наяха
Желме - Зелме
Шолан (Жолан) - Шұлуын
Шикіқұт - Шихикутук
Бөрте - Бүртгілжін 268 - тарау
Есуген - Есүкей 269 – тарау
Алқа бике - Алға бике 239 -тарау
Ботақай - Тарғын ханым
Төле - Түлуй 251 - тарау
Бату - Баты 275 - тарау
Ерүйсін - Ерусін
Көкше бақсы - Көкеш теп теңгір 244 - тарау
Көкше бақсы - қоңырат Меңлік бидің ұлы , лақап аты - тәңірі буты .
- «Құпия шежіренің» 74 – тарауында Өлеңді - Уәлінжан , біресе Үжінжан , ал 55 – тарауында Уәлін – үжін деп
атаған. Есугей батырдың бәйбішесі Өлең қоңырат ішінде көктің ұлы деген атасының қызы. Үжін - қалмақша мағынасыз
сөз , бұл қытай тіліндегі У – жин – әйел немесе қатын деген мағына береді. Ол заманда қатын сөзі - ханым мағынасында жүрген. Ойрат – қалмақ аудармашылары өз тілінде қатын сөзі жоқ болған соң қытайша У-жин сөзін қолданған.
Есугейдің бәйбітшесі Өлеңнен;
Темір (Шыңғыс ) , Қайсар , Қашын , Теміке , Темүлін (қыз) .
Тоқалынан - Бектер , Белгітай .
Темікенің лақап аты - Өтшегін (отшы ноян) , Ұлдың кішісі , ошақтың иесі болғандықтан лақап аты Отшы болған.
- Кіші жүз , жетірудағы Табын , Тама тайпаларының таңбасында – тарақ .
- Өзбек ұлысын құрған жалайыр Әбілхайыр хан (1428 – 1468 жылдары) тарақтыдан шыққан Мөнді биді үнемі оң тізесіне отырғызып – «екі көзімнің бірі, егізімнің сыңары» - дейді екен .
- Семей облысындағы Шыңғыс тау бұрын Найман тау аталған. Шыңғысты бүкіл қазақ тайпалары жиналып қаған көтергенде осы тауда рәсімі өткендіктен тау – Шыңғыстау аталып кеткен .
- Ежелгі түркі тайпаларынан шыққан атақты ғалымдар:
1. Махмуд Қашқари - Ыстық көлдің жағасындағы Жоғарғы Барысхан қаласында туған. Қарлық хандығындағы билеуші тап - қарлық тайпасынан шыққан . Қашғар қаласында әмір қызметін атқарған , сол қалада «Диуани мұғат ат - түрік» - парсы тілінде еңбегін жазған. Түрік тайпалары сөздігі деген мағына береді .
2. Жүсіп Баласағұн – Баласағұн қаласында туған . Ескі албан тайпасынан шыққан.
3. Жамал Қарши – Қаршы қаласында туған , қаңлы тайпасынан шыққан. «Шыңғыс наме» кітабін парсы тілінде жазған. Кейбір еңбектерде Қаршы баласы делінеді.
4. Алішер Науайы – Ұйғыр тайпасынан шыққан ақын әрі ғалым.
- Арал теңізі ертеректе Женд – Хорезм –Кердері теңізі деп те аталған.
Каспий теңізі – Хазар , Бақы , - Атырау теңізі деп те аталған .
Ыстық көл – Барсыған көлі аталған.
- Монғол тарихшысы Э.Хара Даванның кітабынан үзінді : - «Если взгянуть на карту Старого света( 12-ғасыр туралы айтып отыр) то видно что между двумя полюсами цивилизаций Китаем с Индией на востоке и греко – романским миром на западе – простирается связующая лента в виде длинной полосы ТЮРКСКО – МОНГОЛСКИХ народностей... »
Бұл жерде Хара Даван саналы түрде өтірік айтып , оқырмандарды алдап отыр . 10-12 ғасырларда Ұлы қытай қорғанынан бастап қазіргі Монғолия үстіртін көшпелі қазақ – түрік тайпалары , қазақтың Сары – Арқасы мен Карпат тауларына дейінгі даланы , оның ішінде қазіргі Украйна даласын қыпшақ тайпалары мекендеген. Қазіргі Қалмақ – Моңғол аталып жүрген Ойрат тайпасы ол кезде Байқал көлінің жағасында аңшылықпен айналысып өмір сүрген. Шыңғыс хан заманындағы тарихи оқиғаларда олардың ешқандай үлесі жоқ. Қытай және басқа ғалымдар бұл жағдайды жеріне жеткізіп дәлелденген. Осыған археолог Е.В.Ковачевтің зерттеулерін қоссаңыз шындық өз орнына келеді. Монғолия жері тек 14 – ғасырда болған қазақ тайпалары мен қытай армияларының арасындағы қырғын соғыстан кейін ғана босады. Қалмақ – Моңғолдар осыдан кейін ғана көшпенді өмір салтына ауыса бастады.
- Шыңғыс ханның Билік заңы мен Жасақ заңын – Ясы деп бұрмалап жүргендер де , қазақ тілінен хабары жоқ орыс және басқа ұлттың ғалымдары. Ясы – сөзінің не қазақ не қалмақ тілдерінде еш мағынасы жоқ. Қазақ тілін білмейтін ғалымдар қазақ тарихын жазады деген сыпайылап айтқанда сандырақ болып шығады.
- Шыңғыс хан Орта Азия қалаларын алған соң ақша айналымы үшін Асы , Тараз , Баласағұн т.б. қалаларда күмістен теңге соқтырды .
Теңге – ежелгі түркі қағанаттары мен қазақтың ақшасы. Номиналы (құны) бір ақ тиын терісіне тең мыс
тиын кейінірек жасалды. Сом – құйма күміс , 14 – ғасырдан бастап ірі ақша орнына жүрген. Теңге орта ғасырларда Азияның көп елдерінде , орыс княздіктерінде айналымда жүрді. Ал қалмақ – моңғолдарда ақша болған емес , 20 – ғасырда ғана өз ақшасы – Тугрикті шығарды.
- Қарақытай тайпасынан шыққан Елюй Дашының хан емес гүрхан атағын алған себебі оның қол астында қарақытай тайпасымен бірге қаңлы, қарлық, қара үйсін, қызыл үйсін(шығыл), сары үйсін(түркеш) тайпалары мен ұйғыр елі , мауреннахр сарттары (қазір өзбек аталып жүрген) болды.
- Жошы ханның 13- ұлы Тоқай Темірдің 4 ұлы болған:
1. Ұрық темір
2. Өз темір
3. Бай темір
4. Баян
Өз темірден:
1. Қарақыр
2. Саржа
3. Абай
4. Қожа
Қожадан :
1. Садық
2. Бәдік(Бадақұл
Бадақұлдан - Орыс хан
Орыс ханнан - Тоқтақия.
Тоқтақиядан - Болат.
Болаттан - Керей хан
Орыс ханның екінші ұлы –Құтлық Бұқа – Көтіжоқ – Барақ – Абусайд(Абусағат) – (Жәнібек хан - лақап аты)
Ғалым тарихшы Зардыхан Қинаят ұлына сенсек Монғол Жошы ханның сегізінші ұрпағы Орыс хан қазақ болып кетіпті.
Ал жоғарыда келтірілген шежіреде бесінші ұрпағы, тарихшы Евгений Кычановтың таратуы бойынша. Жоғарыдағы есімдердің бәрі де қазақ есімдері емес пе? Осылардың ішінен ойрат – қалмақ – моңғол есімдерін Зардыханның өзі тауып бере алар ма екен ? Южмайингил Цеденбал есімімен салыстырып көріңіз.
- Азірбайжандағы қазақ ауданында руын Керей деп атайтындары да бар екен , атақты кеңес ақыны Самед Вургун осы керей руынан.
- Орта ғасырда Қара теңіз бен Каспий аралығын мекендеген көшпенділер Еділ жорығынан қалғандар.
Оларды европалықтар Хазар деп , ирандықтар дешті – қыпшақ деп атаған. Хазардың негізі – қазақ рулары.
- Ағылшын археологы Г.Чайлдың айтқаны бар – «архология расширила пространственный горизонт историй почти такой же степени, в какой телескоп расширил поля зрения астрономий . Она в сотни раз увелиивал для историй перспективу в прошлое ...»
Сондықтан біздің зерттеп отырған 12- ғасыр оқиғалары мен оған қатысқан халықтар туралы
Археологиялық зерттеулер өте керекті. Қытай тіліндегі оңғыт тайпасының уақ екендігі , Найман , керей, уақ
Тайпаларының христиан – несториан тармағы дінін ұстағандарын археологтар дәлелдеді. Кеңес археологы
Е.В.Ковачевтің зерттеулері біздің әлі шешуін таба қоймаған сұрақтарымыз үшін алтыннан да қымбат. Ол
Ойрат-Қалмақ –Монғол халқының шыққан тегін анықтап , олардың манжур – тунгус тайпасы екендігін
дәлелдеді. Байқал көлінің төңірегіне тек 10 – ғасырдың аяғында Солтүстік Манчжуриядан келгенін және
аңшылықпен күн көргенін анықтады. Қалмақ – Монғол тарихын зерттеген ешбір тарихшының ол кісінің
еңбектерін айналып өтуге хақысы жоқ. Сол кезде Экономикасы әлсіз, мәдениеті мешеу, хандық құруға
(мемлекет) шамасы жетпеген Ойрат тайпасы 12 – 13- ғасырлардағы бүткіл адамзатты дүр сілкіндіріп, Еуропа
мен Азияның қайта дамуын айқындаған Ұлы істерге ешбір қатысы жоқ деп есептеймін.
- Ұлы қаған Мөңкенің кезінде империя жерінде ақша реформасы жүрді. Мөңке бұл жұмысқа Масудбек деген
саудагерді тағайындайды. Орта Азия мен Қазақ жері үшін стандарт теңге мен тиын шығарыла бастады.1270 -
жылдары тек қазақ жерінде 15 (онбес) ақша соғатын кәсіпорын жұмыс істеді . Мөнке қағанның теңгелерінің
ортасында қосарланған тарақ таңба болды , ал тиынға бөрі басы таңбаланды.
- Қытайдың Жиhанкез – географы Сюань Цзянь 629 жылы Аспара қаласына келеді . Қала осы аттас өзеннің
бойында Қаратауда орналасқан. Саяхатшы өз кітабында Аспараны Осуболай деп түсіреді . Қытай тарихшы-
ларының еңбектерінде Аспара әлі күнге дейін осылай аталады . Россия – Люсия деп жазылады. Темір
(Шыңғыс) есімінің – Темучинге айналуы қытай тілі үшін заңды құбылыс. Себебі Р – дыбысы оларда
қолданылмайды.
- 1298 жылы жазылған Марко Поланың кітабындағы адам аттары.
10 бет Соркутани - беги - Сұртоқты бике
106 бет Булүргей - Бүлдіргеші (мансап)
193 бет Ширеки(сын моңке) – Шіркей
196 бет Ангиарм - Айгерім Хайду ханның қызы.
197 бет Аргон - Арғын хан Абақтың ұлы Хулағудың немересі .
198 бет Акомат – солдан – Сұлтанахмет хан.
6 бет – Несторианство распространилось среди двух монголских народностей – Найманов и кераитов.
8 бет - Каракитай – народ невясненного происхождение , возможный близкий тунгүсскому языку.
Бұл - Марко Пола кітабын комментарий жасаған ғалымдардың жіберген қатесі . Найман мен Керейді монғол
жасайды , түрік тайпасы Қарақытайды - манчжур жасап шығарады.
Айгерім деген қазақ есімін - Айярук деген осман түріктерінің тілімен түсіндіргісі келеді . Мұндай мысалдарды
көптен келтіруге болады .
- Шыңғысты және кейінгі Ұлы хандарды жерлегенде мынадай салт сақталған. Ұлы ханның денесі қойылған
жерді санаулы ғана адамдар білген , жерлікке қатынасқан құлдар тегіс өлтірілген , олар иесіне ана дүниеде
қызмет етуге тиісті деп білген. Сол азғана жақын адамдары осы жерге боталы түйені жетектеп келіп , ботасын
құрбандыққа шалған . Ал түйені алып кетіп жеке үй тігіп соның ішінде жылына дейін сақтап , бақтырған .
Ханның денесі қойылған жерді ондаған км. Радиуспен әскер қоршап тұрған. Жерлеу рәсімі біткен соң сол
аймақта мұңдаған жылқыларды қуалап айдаған . Бір айдан соң төбе сайлар тегістеліп , жер бедері өзгеріп
кеткен. Содан соң әскер қоршауы алынған. Келесі жылы Орда төңерегінде ұлан – асыр ас берген. Ас тараған
соң , сол санаулы адам түйені жетектеп хан жерленген төңерекке келеді . Түйенің басын босатқан соң ,түйе
боздап келіп ботасын құрбандыққа шалған жерге келіп шөгеді . Осы жерде түйені де құрбандыққа шалып
соңғы рәсімін өткізген . Бұл салт марқұмның мәйітін дұшпандары қорламас үшін жасалған . Уақыт өте келе ол
жерді ешкім таба алмайды.
Жапон ғалымдарының соңғы техниканы қолданып , жылдап іздеп Шыңғыс ханның бейітін таба алмаған
себебі де осы.
- Орыс тарихшылары ертедегі қазақ аламандарының Якут (сахаларды) қалай тонағанын жазып кеткен. 200
немесе 300 аламан жорыққа қыста шыққан , өзен , сулар қатқан соң тайгада жүру де жеңіл болады. Аламан-
дар тек құлынды бие мінген Тайганың шетінежеткенде құлындарды бөліп , оларды бағуға оншақты адам
қалдырған . Қалғандары тайгаға дендей кіріп 2-3 ай бойы сақа ауылдарын тонап , қымбат аң терілерін олжала-
ған. Қайтар кезде өздері жол таба алмайтын болғансоң биелердің басын босатып қоя берген. Талай күннен
кейін биелер жол тауып құлындары қалған станға жеткізген.
Көшпелі қазақ әр түліктің мінез – құлқын жақсы білгендіктен керек кезде оларды осылайша пайдаланған.
- Қазыбек бектің таратуы бойынша Темір(Шыңғыс хан) Жалайырдың 25 – ұрпағы. Мерке (Жалайыр) -
Манақ – Орақты – Андас – арада 16 ата бар – Тұрымтай шешен (-құпия шежіреде Тұмбинай шешен деп келтір-
ген)
- Тұмағұл – Дін –Баян –Есугей – Темір.